https://sputnik.kz/20230309/oqushylar-microsoft-kompaniyasy-550-myn-dollar-grant-32794659.html
Астаналық оқушылар Microsoft компаниясынан 550 мың доллар грант ұтып алды
Астаналық оқушылар Microsoft компаниясынан 550 мың доллар грант ұтып алды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Астанадағы республикалық физика-математика мектебінің оқушылары Арсен Қылышбек пен Владимир Борзенков Microsoft for Startups... 09.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-09T17:40+0500
2023-03-09T17:40+0500
2023-08-09T09:58+0500
білім
оқушы
https://sputnik.kz/img/07e7/03/09/32790962_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_3d901e79c46c6f34764728980edd6d55.jpg
АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Астанадағы республикалық физика-математика мектебінің оқушылары Арсен Қылышбек пен Владимир Борзенков Microsoft for Startups компаниясынан 550 мың доллар грант ұтып алды, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.Оқушылар жасанды интеллект негізінде Whoock стартап-жобасын әзірлеген.Жобаның мақсатты аудиториясы – компания туралы прототип немесе жедел сайт жасауды қажет ететін енді басталған бизнес және стартаптар. Қазір Whoock алғашқы қызметтік нұсқасын жүзеге асырып жатыр. Бета нұсқа іске қосылған соң оқушылар сервистік мүмкіндікті одан әрі арттыруды жоспарлап отыр. Whoock-пен толыққанды веб-қосымшалар әзірлейтін мүмкіндік болады."Платформа орта есеппен бір жарым минут ішінде толыққанды сайт жасайды. Келесі аптада іске қосуды жоспарлап отырмыз. Кез келген адам платформаға тегін қолжеткізе алады және оны қалағанынша пайдаланады",- деді оқушылар.Жас стартаперлер Microsoft for Startups Founder Hub-қа өткеніне қуанышты. Олар ұтып алған қаражатын өз жобаларын дамытуға жұмсамақшы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/09/32790962_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_079d016e4866494e2e8092c71e280f8a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оқушы
АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Астанадағы республикалық физика-математика мектебінің оқушылары Арсен Қылышбек пен Владимир Борзенков Microsoft for Startups компаниясынан 550 мың доллар грант ұтып алды, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Оқушылар жасанды интеллект негізінде Whoock стартап-жобасын әзірлеген.
"Whoock – клиент үшін мәтіндік хабарламаларға негізделген қызмет жүйесін дамыта алатын веб-сайт генераторы және редакторы. Ол заманауи дизайнмен толық веб-сайт жасай алады. Яғни, сайтты құрып, клиенттің сұранысына сай орындау жасанды интеллектпен байланыс арқылы жүзеге асырылады",– дейді оқушылар.
Жобаның мақсатты аудиториясы – компания туралы прототип немесе жедел сайт жасауды қажет ететін енді басталған бизнес және стартаптар. Қазір Whoock алғашқы қызметтік нұсқасын жүзеге асырып жатыр. Бета нұсқа іске қосылған соң оқушылар сервистік мүмкіндікті одан әрі арттыруды жоспарлап отыр. Whoock-пен толыққанды веб-қосымшалар әзірлейтін мүмкіндік болады.
"Платформа орта есеппен бір жарым минут ішінде толыққанды сайт жасайды. Келесі аптада іске қосуды жоспарлап отырмыз. Кез келген адам платформаға тегін қолжеткізе алады және оны қалағанынша пайдаланады",- деді оқушылар.
Жас стартаперлер Microsoft for Startups Founder Hub-қа өткеніне қуанышты. Олар ұтып алған қаражатын өз жобаларын дамытуға жұмсамақшы.