Мемлекет басшысы Қарашығанақты кеңейту жобасымен танысты

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаПрезидент ознакомился с проектом расширения Карачаганака
Президент ознакомился с проектом расширения Карачаганака - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Президент Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында әлемдегі ең ірі мұнай-газ конденсат кен орындарының бірін игеріп жатқан "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В" консорциумының жұмысымен танысты.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қарашығанақты кеңейту жобасы таныстырылды.
"Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В" бас директоры Джанкарло Руюдың айтуынша, Қарашығанақты кеңейту жобасының 2021-2024 жылдарға жоспарланған алғашқы кезеңінде 5-ші газды қайта айдау компрессоры мен басқа да өндіріс нысандарының құрылысы жүріп жатыр. Жобаның бұл кезеңінде 970 миллион доллар инвестиция құйылып, 3500-ге жуық адам жұмысқа тартылады. Ал жобаның 2023-2026 жылдарға жоспарланған келесі кезеңінде 6-шы газды кері айдау компрессорының құрылысы жүргізіледі. Бұл кезеңде 735 миллион доллар қаржы жұмсалып, 1300 жаңа жұмыс орны ашылады.
Жалпы, Қарашығанақты кеңейту жобасы сұйық көмірсутегін өндіру деңгейін 46 миллион тоннаға дейін ұлғайтып, Қазақстан Республикасы мен Қарашығанақ жобасының серіктестеріне қосымша табыс табуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ консорциум серіктестері қазір Энергетика министрлігімен бірлесіп, жаңа газ өңдеу зауытының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеп жатыр. Егер газды кешенді түрде өңдейтін зауыт салынса, жылына 4 миллиард текше метрге дейін газ және 0,5-0,6 миллион тонна пропан-бутан фракциясын өндіріп, еліміздің энергетикалық әлеуетін айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік туады.
Мемлекет басшысы жаңа газ өңдеу зауытының құрылысы өте маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ Қарашығанақ кен орнының еліміздегі мұнай-газ индустриясын өркендетудегі және әлеуметтік-экономикалық саласын дамытудағы үлесі зор екеніне назар аударды.
Жаңалықтар
0