https://sputnik.kz/20230309/ayelin-urgan-erkekter-10-zhylga-sottaluy-mumkin-32788246.html
Әйелін ұрған еркектер 10 жылға сотталуы мүмкін
Әйелін ұрған еркектер 10 жылға сотталуы мүмкін
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Сенат кейбір қылмыстар бойынша жазаны күшейтуге арналған заңды қабылдады. Соның ішінде тұрмыстық салада жасалатын құқық... 09.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-09T15:53+0500
2023-03-09T15:53+0500
2023-03-09T17:17+0500
зорлық-зомбылық
әйел
заң
https://sputnik.kz/img/07e4/09/12/14995825_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_0dda0f38d0541b9bda12b4e5f7884a14.jpg
АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Сенат кейбір қылмыстар бойынша жазаны күшейтуге арналған заңды қабылдады. Соның ішінде тұрмыстық салада жасалатын құқық бұзушылықтар да бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың айтуынша, отбасылық-тұрмыстық салада жасалатын құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктің жүгі артады. Атап айтқанда, денсаулыққа ауыр зиян келтіру (Қылмыстық кодекстің 106-бабы) мен ауырлығы орташа зиян келтіру (Қылмыстық кодекстің 106-бабы) әрекеттері бойынша жаза күшейтіледі. Жәбір көрген адамның материалдық жағынан тәуелді болғаны да ескеріледі. Қылмыстық кодекстің 107-бабы (ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша онша ауыр емес қылмыстар ауырлығы орташа санатқа ауыстырылады. Ал жазасы 3 жылға бас бостандығынан айыруға дейін күшейтіледі. Бұдан бөлек, Қылмыстық кодекстің 106-бабы (ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша жаза өзгереді. Мәселен, қазіргі кезде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргені үшін 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Оны 6-10 жылға дейін ұзарту жоспарланып отыр. Айта кетері, бүгін сенат заңды бірден екі оқылымда қабылдады. Құжат президенттің қол қоюна жіберілді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/12/14995825_719:0:2970:1688_1920x0_80_0_0_372cca9827b64071c79cd4034c5c803d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зорлық-зомбылық, әйел, заң
зорлық-зомбылық, әйел, заң
Әйелін ұрған еркектер 10 жылға сотталуы мүмкін
15:53 09.03.2023 (жаңартылды: 17:17 09.03.2023) АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Сенат кейбір қылмыстар бойынша жазаны күшейтуге арналған заңды қабылдады. Соның ішінде тұрмыстық салада жасалатын құқық бұзушылықтар да бар, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың айтуынша, отбасылық-тұрмыстық салада жасалатын құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктің жүгі артады. Атап айтқанда, денсаулыққа ауыр зиян келтіру (Қылмыстық кодекстің 106-бабы) мен ауырлығы орташа зиян келтіру (Қылмыстық кодекстің 106-бабы) әрекеттері бойынша жаза күшейтіледі.
Жәбір көрген адамның материалдық жағынан тәуелді болғаны да ескеріледі.
"Материалдық немесе өзге де тәуелді адамға қатысты іс-әрекет жасау" деген сараптама белгілері де қаралады. Осылайша, қылмыстың ауырлығы мен санкциялары артады", - деді Ахметжанов сенатта өткен отырыста.
Қылмыстық кодекстің 107-бабы (ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша онша ауыр емес қылмыстар ауырлығы орташа санатқа ауыстырылады. Ал жазасы 3 жылға бас бостандығынан айыруға дейін күшейтіледі. Бұдан бөлек, Қылмыстық кодекстің 106-бабы (ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша жаза өзгереді.
Мәселен, қазіргі кезде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргені үшін 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Оны 6-10 жылға дейін ұзарту жоспарланып отыр.
Айта кетері, бүгін сенат заңды бірден екі оқылымда қабылдады. Құжат президенттің қол қоюна жіберілді.