Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ Миг-29 әскери ұшақтарына AIM-120 зымыранын интеграциялайды

© AP Photo / Jeon Heon-KyunСамолеты F-35 A
Самолеты F-35 A - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2023
Жазылу
Вашингтон Ресейдің арнайы әскери операция аймағында қолдану үшін НАТО стандартындағы соққы жасауға арналған авиацияны Киев режиміне жеткізу бойынша тәуекелге бара алмай отыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
АҚШ Украина армиясының әуе күштерінің қажеттіліктерін әр түрлі елдерде қолданыста болған МиГ-29 жойғыш ұшақтарын сатып алу және америкалық "әуе-жер" және "әуе-әуе" зымырандарын одан әрі интеграциялау арқылы өтеуге тырысып жатыр.
Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің ресми өкілі Джон Кирби бейсенбі, 9 наурызда АҚШ әскери-әуе күштерінің Аризонадағы базасында украиналық ұшқыштарды оқыту F-16 ұшағын басқаруға дайындық емес, америкалық дәлдігі жоғары зымырандарды МиГ ұшақтарына интеграциялау мүмкіндіктерін бағалау деп мәлімдеді.
Вашингтон НАТО ұшақтарын Киевке жеткізу әлі ерте деп санайды. Бірақ 2022 жылдың шілдесінде Конгресс украиналық авиаторларды америкалық F15 және F16 жойғыш ұшақтарын басқаруға үйрету үшін 100 миллион доллар бөлді. Дүйсенбі, 6 наурызда АҚШ аумағында Украина Қарулы күштерінің алғашқы екі ұшқышын даярлау басталды.
"Украина президенті Владимир Зеленский америкалық F-16 жойғыш ұшақтарын Украинаның ұрыс даласындағы жеңістің кепілдігі деп санайды. Ресей Федерациясы қорғаныс министрлігінің статистикасы батыстық шабуылдаушы ұшақтарды жеткізудің мәнсіздігін дәлелдейді. Өйткені бір жылда Украина Қарулы күштерінің 400-ге жуық ұшағы мен 200-ден астам тікұшағы жойылды", - деп жазды Хроленко.
Ресей Бас штабының мәліметі бойынша арнайы әскери операцияның басында (2022 жылғы 24 ақпанда) Украина әскери-әуе күштерінде тек 152 ұшақ бар болатын. Оның ішінде барлық типтегі 85 жойғыш ұшақ бар. Демек жойылған Украина Қарулы күштерінің 400 ұшағы қатарында 250 Батыс техникасы болуы мүмкін. Бұл негізінен АҚШ ақшасына әлем елдерінен жиналған кеңестік және ресейлік МиГ-29, Су-27, Су-24 және Су-25 ұшақтары.
Интеграциялау үшін америкалық МиГ-29 зымыран қаруы кездейсоқ таңдалған жоқ. Бұл басқарылатын зымырандармен және борттық зеңбіректерімен әуе нысандарының барлық түрін жоюға арналған 4-ші буынға жататын алдыңғы шептегі жойғыш ұшақ. Оның ең жоғарғы жылдамдығы 2400 км/сағат, ұшу биіктігі – 18 000 метр, ұшу қашықтығы – 2100 километр, жауынгерлік жүктемесі – 3 тоннаға дейін. МиГ-29 – ең кең таралған кеңестік (ресейлік) жойғыш ұшақтардың бірі және әртүрлі модификацияда 1 600-ден астам дана шығарылды.
МиГ-29 ұшақтары ресми түрде 29 елде, соның ішінде Украинада бар. Мысалы, Польшада кеңестік мұрадан қалған 50-ден астам МиГ-29 жойғыш ұшағы бар және Варшава Киевке мұның бәрін беруге дайын. Румынияда 24 МиГ ұшағы бар. АҚШ бұған дейін Молдовадан 21 дана МиГ-29 сатып алған. 28 венгр және 12 болгар МиГ-29 ұшағының қайда екені белгісіз. Наурыздың басында Словакия Украинаға 10 дана МиГ-29 ұшағын беруге дайын екенін мәлімдеді.
Хроленконың пікірінше, Азия және Африка елдерінің әуе парктерін есепке алмағанда, АҚШ Украина үшін сатып алуы немесе айырбастауы мүмкін жалпы саны 140-қа жуық МиГ-29 ұшағын айтуға болады.
МиГ-29 жойғыштарының (сонымен қатар Су-25 бомбалаушы ұшақтары мен Су-25 шабуылдаушы ұшақтарының) техникалық дайындығын қалпына келтіру мәселелерін Польшадағы Wojskowe Zakłady Lotnicze 2 мемлекеттік авиажөндеу зауыты шеше алады. Себебі Львов авиация зауыты ресейлік арнайы әскери операцияның басында зымыран шабуылынан қиратылды.
180 километрге дейін ұшатын америкалық AIM-120 "әуе-әуе" зымыранын ықтимал интеграциялау украиналық МиГ-29 ұшаағының жеңіске жету мүмкіндігін арттырмайды. Бұған дейін америкалық мамандар МиГ-29 ұшағына AGM-88 HARM радиолокацияға қарсы зымырандарын біріктіргенімен, украин жеріндегі әскери іс-қимыл театрында күштерді теңестірген жоқ.
Вашингтон Киев режимін америкалық F-16 жойғыштарымен қамтамасыз етуден тартынып отыр. Бұған АҚШ пен Ресейдің тікелей қақтығысынан қауіптену емес, ресейлік қару-жарақтың айқын технологиялық артықшылығына себеп.
Ең көрнекті америкалық AIM-120 "әуе-әуе" зымырандары қашықтығы жағынан ұқсас ресейлік R-37M зымырандарынан (400 км-ге дейін) екі есе төмен, олар да гиперсоникалық - 6 Mach немесе 7192 км жылдамдықпен ұшады. Жоғары дәлдіктегі AIM-120 зымырандар кез келген жағдайда (МиГ-29, Ф-16 немесе Ф-15) Украина Қарулы күштерінің жауынгерлеріне көмектеспейді. Сондықтан АҚШ-та қолжетімді бағамен украиналық жанкешті ұшқыштар дайындалуда, олар тек бір рет ұшуды орындауы мүмкін.
Ең үздік америкалық AIM-120 "әуе-әуе" зымырандары қашықтығы жағынан ресейлік ұқсас R-37M зымырандарынан екі есе төмен. Сондықтан АҚШ-та даярлаудан өткен украиналық ұшқыштар діттеген мақсатына қол жеткізуі екіталай.
"НАТО Украинаға қару-жарақ жеткізуді арттырып жатыр. Пентагон басшысы Ллойд Остин Солтүстік Африка елдерін аралап, бұл жақтан ондаған қолайлы ұшақты Украинаға бағыттауды қолға алып жатыр. Мысалы, Мысыр әскери-әуе күштері 2015 жылдан бері 40-тан астам МиГ-29 жойғыш ұшағын пайдаланады", - деп жазды сарапшы.
Бейсенбі күні Ресей Қарулы күштері Украинаның негізгі әскери инфрақұрылым нысандары мен әскери-өнеркәсіптік кешен кәсіпорындарына әуе, теңіз және құрлықтағы жоғары дәлдіктегі ұзақ қашықтыққа ұшатын жаппай қарумен, оның ішінде "Кинжал" гипердыбыстық зымыран кешенімен соққы жасады.
Нәтижесінде шабуылдаушы пилотсыз ұшу аппараттарының базалары жойылды, резервтерді және шетелдік қару-жарақтарды теміржол арқылы тасымалдау жолы үзілді, әскери техниканы жөндеу және оқ-дәрілерді өндіру нысандары істен шықты.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы
Жаңалықтар
0