Қазақстанның тумасы Дмитрий Петелин әйелдерді ғарыштан құттықтады

© Photo : Twitter/Christina H Kochархив
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 8 наурыз – Sputnik. Ресейлік ғарышкер Дмитрий Петелин мен экипаж командирі Сергей Прокопьев Халықаралық ғарыш станциясынан әйелдерді 8 Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Құттықтаудың видеосы Роскосмостың телеграм-арнасында жарияланды.
"Бүгін біз ең сүйікті мерекелеріміздің бірі – 8 Наурызды атап өтіп отырмыз. Осы мейраммен Сіздерді көктемде жылына бір рет құттықтасақ та, жыл мезгіліне қарамастан бізді махаббат пен қамқорлығыңызға бөлеп жүргеніңізге бақыттымыз, сол үшін шын жүректен алғыс айтамыз ",- дейді Петелин.
Ал Дмитрийдің әріптесі, ХҒС командирі Сергей Прокопьев әйелдердің күші сұлулықта екенін ерекше атап өтті. Олар соны ұмытпауы керек.
"Туған-туыстарыңыз бен жақындарыңыз күн сайын жан жылуын сыйлап, жұбайларыңыз, балаларыңыз бен немерелеріңіз ылғи жақсы көретінін айтып жүрсін", - деп атап көрсетті Прокопьев.
Жаңалықтар
0