Қазақстан әйелдері туралы қызықты деректер жарияланды

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаЖенщины Казахстана
Женщины Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 8 наурыз – Sputnik. Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы әйелдерге қатысты қызықты статистиканы жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

2,8 млн әйел үш өңірде тұрады

2023 жылғы 1 қаңтардағы мәліметке сәйкес, елімізде 10 118 282 әйел бар. Олардың басым бөлігі (6,3 млн адам) қалада, қалғаны - 3,7 млн әйел ауылда тұрады. Әйелдердің саны жағынан үш өңір көш бастап тұр. Олар:
Алматы қаласы - 1 157 823 әйел;
Түркістан облысы - 1 040 069 әйел;
Алматы облысы - 753 562 мың әйел.

Өмір сүру ұзақтығы қайта өсті

Қазақстанда қыз-келіншектердің орташа жасы 33,7 жасты құрайды. 2022 жылдың басымен салыстырғанда осы көрсетшкі 2,6 жылға ұлғайды.
"Әйелдердің өмір сүру ұзақтығы карантин болған 2020-2021 жылдардан кейін қайтадан өсе бастап, 78,3 жасты құрады", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, биыл Қазақстанда жастар санатына кіретін адамдардың жасы 35-ке дейін ұлғайтылды. Осы норма заңмен бекітілді.

Қазақстан әйелдері немен айналысады

Қазіргі кезде 4,3 миллион әйел жұмыс істейді. Көбісі білім беру саласында еңбек етеді.
білім саласы – 851 мың әйел;
көтерме немесе бөлшек саудада - 828 мың әйел;
ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында - 451 мың әйел;
денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында - 401 мың әйел;
өнеркәсіп секторында - 328 мың әйел;
өнер, ойын-сауық және демалыс саласында - 74 мың әйел.
Осы орайда маңызды бір статиситканы айта кеткен жөн, 849 мың әйел жеке кәсіпкерлік субъектілерінің басшысы болып отыр. Бұл тіркелген бизнесмендердің 53,5 процентін құрайды.
Жаңалықтар
0