БҰҰ Түркиядағы жер сілкінісінен келген шығын 100 миллиард доллардан асады деп болжап отыр

© AP Photo / IHA Пострадавший в результате землетрясения турецкий город Хатай
Пострадавший в результате землетрясения турецкий город Хатай - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 8 наурыз – Sputnik. Биыл ақпанның басында Түркияда болған жер сілкінісінен келген экономикалық шығынның көлемі 100 миллиард доллардан асады. Бұл туралы Женевада өткен брифингте БҰҰ даму бағдарламасының Түркиядағы тұрақты өкілі Луиза Винтон мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
Жер сілкінісінен келген шығынды есептеу жұмыстары әлі аяқталған жоқ. 16 наурызда өтетін Брюссельдегі Еуропалық одақ донорларының конференциясында нақты есебі жарияланады деген жоспар бар.

"Дегенмен, қазірдің өзінде шығынның жалпы көлемі 100 миллиард доллардан асатыны анық болып отыр", - дейді Винтон.

Оның айтуынша, жер сілкінісі кезінде Түркияда 200 мыңнан астам ғимарат құлаған. Барлығы 600 мың пәтер мен кеңсе жермен-жексен болды.
Айта кетері, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында жойқын жер сілкінісі болды. Магнитудасы 7,7 балға дейін жетті. Арада тоғыз сағат салып, тағы жер сілкінді. Оны 11 провинцияда және көрші елдерде тұратындар да сезді. Түркия билігі ақпандағы жер сілкінісін "ғасыр апаты" деп атады. 46 мыңнан астам адам қаза тапты.
Хатай, Түркия - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2023
Фото
Зілзалаға дейінгі және жер сілкінгеннен кейінгі Түркия - фото
Жаңалықтар
0