https://sputnik.kz/20230307/zhurnalisterge-zhasalgan-shabuyl-22-adam-ustaldy-32740884.html
Журналистерге жасалған шабуыл: 22 адам ұсталды
Журналистерге жасалған шабуыл: 22 адам ұсталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 7 наурыз – Sputnik. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов журналистерге шабуыл жасаған қылмыстық топ туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан... 07.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-07T11:39+0500
2023-03-07T11:39+0500
2023-03-07T11:39+0500
журналист
шабуыл
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:125:1201:800_1920x0_80_0_0_4e603bb753a4668d5fe23d1c8b5be3d8.jpg
АСТАНА, 7 наурыз – Sputnik. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов журналистерге шабуыл жасаған қылмыстық топ туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. "Бұл факті бойынша 30-дан астам қылмыстық іс қозғалды. 22 адам ұсталды, жетеуі қазір қамауда отыр. Қалғандарына қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес бұлтартпау шарасы таңдалды", - деді Ахметжанов үкімет кулуарында. Ол қылмыстық істің басты фигуранттарының бірі Аркадий Клебанов Алматыда тұтқындалғанын мәлімдеді. Сондай-ақ Ахметжанов жәбірленушілер тергеу шараларына белсенді қатысып жатқанын айтты. Бұған дейін ІІМ және ҰҚК жедел тергеу тобы БАҚ өкілдеріне шабуыл ұйымдастырған күдікті топтың жолын кескен болатын. Шабуылдарды ұйымдастырып, бастамашы болды күдікпен Қазақстан азаматы Аркадий Клебанов (Маневич) ұсталды. Алматыда арандатушылық әрекеттердің тікелей үйлестірушісі – шетел азаматы, білікті хакер О.Токарев қолға түсті. Оның уақытша тұрып жатқан жерінен шабуылдарды басқару, анонимді Telegram-аккаунттарда "тапсырыстар" беру, орындаушыларды табу және олардың акцияларына ақы төлеу жүргізілген техника табылып, тәркіленді. Қылмыстық топ В.Борейкоға, Г.Бажкеноваға, Г.Ерғалиеваға, С.Ибраеваға және бұқаралық ақпарат құралдарының басқа да өкілдеріне қарсы 30-дан астам арандатушылық шабуыл жасаған. Атап айтқанда, автокөлікті өртеген, журналистерге, олардың туыстары мен редакцияларға қоқан-лоққы көрсеткен, DDoss шабуылдар жасаған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_6126eb18119694686f95d89e748fc25a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
журналист, шабуыл
Журналистерге жасалған шабуыл: 22 адам ұсталды
АСТАНА, 7 наурыз – Sputnik. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов журналистерге шабуыл жасаған қылмыстық топ туралы айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Бұл факті бойынша 30-дан астам қылмыстық іс қозғалды. 22 адам ұсталды, жетеуі қазір қамауда отыр. Қалғандарына қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес бұлтартпау шарасы таңдалды", - деді Ахметжанов үкімет кулуарында.
Ол қылмыстық істің басты фигуранттарының бірі Аркадий Клебанов Алматыда тұтқындалғанын мәлімдеді.
"Топ 22 адамнан құралған. Әзірге олар қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды. Айыптау актісі жасалғанда, топтың әрбір мүшесінің рөлі айқындалады. Кіп тапсырыс беруші, кім орындаушы, кім қаржыландырушы, кім үйлестіруші, бәрі анықталады", - деп атап өтті ІІМ басшысы.
Сондай-ақ Ахметжанов жәбірленушілер тергеу шараларына белсенді қатысып жатқанын айтты. Бұған дейін ІІМ және ҰҚК жедел тергеу тобы БАҚ өкілдеріне шабуыл ұйымдастырған күдікті топтың жолын кескен болатын. Шабуылдарды ұйымдастырып, бастамашы болды күдікпен Қазақстан азаматы Аркадий Клебанов (Маневич) ұсталды. Алматыда арандатушылық әрекеттердің тікелей үйлестірушісі – шетел азаматы, білікті хакер О.Токарев қолға түсті.
Оның уақытша тұрып жатқан жерінен шабуылдарды басқару, анонимді Telegram-аккаунттарда "тапсырыстар" беру, орындаушыларды табу және олардың акцияларына ақы төлеу жүргізілген техника табылып, тәркіленді.
Қылмыстық топ В.Борейкоға, Г.Бажкеноваға, Г.Ерғалиеваға, С.Ибраеваға және бұқаралық ақпарат құралдарының басқа да өкілдеріне қарсы 30-дан астам арандатушылық шабуыл жасаған. Атап айтқанда, автокөлікті өртеген, журналистерге, олардың туыстары мен редакцияларға қоқан-лоққы көрсеткен, DDoss шабуылдар жасаған.