https://sputnik.kz/20230307/turkiyadagy-zher-silkinisi-ministrlik-qutqarushylardy-marapattady-32727698.html
Түркиядағы жер сілкінісі: министрлік құтқарушыларды марапаттады
Түркиядағы жер сілкінісі: министрлік құтқарушыларды марапаттады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 7 наурыз – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Түркияда іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысқан Астана, Ақмола және Қарағанды облыстарының... 07.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-07T07:01+0500
2023-03-07T07:01+0500
2023-03-07T07:01+0500
түркия
зілзала
құтқарушылар
марапат
https://sputnik.kz/img/07e7/03/06/32727543_0:69:1038:653_1920x0_80_0_0_2a8659844a3895ed05745ee0a36be6d4.jpg
АСТАНА, 7 наурыз – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Түркияда іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысқан Астана, Ақмола және Қарағанды облыстарының құтқарушыларына, медицина қызметкерлеріне марапаттап, президенттің алғысын жариялады.Түркиядағы жойқын жер сілкінісін жою кезеңінде қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және көрсеткен ерлігі үшін барлығы 59 қызметкер марапатталды, оның ішінде 8 қызметкер мемлекеттік наградаларға ие болды, 51 қызметкер президент Алғыс хатымен және ведомстволық наградалармен марапатталды.Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 7 ақпанда құтқару бөлімшелерінің күштері мен құралдары, оның ішінде Қазақстан ТЖМ құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері және кинологиялық есептоптар алғашқылардың бірі болып екі эшелонмен жолға шығып, ең күрделі қираған объектілерде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге кірісті. Түркияның үш өңірінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу басталғаннан бері Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының күшімен 7 адам құтқарылды. Қаза тапқан 88 адамның, оның ішінде 10 баланың денесі шығарылды.
түркия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/06/32727543_39:0:999:720_1920x0_80_0_0_0d227b490cfd88ab07d3806638222d14.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркия, зілзала, құтқарушылар, марапат
түркия, зілзала, құтқарушылар, марапат
Түркиядағы жер сілкінісі: министрлік құтқарушыларды марапаттады
АСТАНА, 7 наурыз – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Түркияда іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысқан Астана, Ақмола және Қарағанды облыстарының құтқарушыларына, медицина қызметкерлеріне марапаттап, президенттің алғысын жариялады.
Түркиядағы жойқын жер сілкінісін жою кезеңінде қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және көрсеткен ерлігі үшін барлығы 59 қызметкер марапатталды, оның ішінде 8 қызметкер мемлекеттік наградаларға ие болды, 51 қызметкер президент Алғыс хатымен және ведомстволық наградалармен марапатталды.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 7 ақпанда құтқару бөлімшелерінің күштері мен құралдары, оның ішінде Қазақстан ТЖМ құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері және кинологиялық есептоптар алғашқылардың бірі болып екі эшелонмен жолға шығып, ең күрделі қираған объектілерде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге кірісті.
Түркияның үш өңірінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу басталғаннан бері Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының күшімен 7 адам құтқарылды. Қаза тапқан 88 адамның, оның ішінде 10 баланың денесі шығарылды.