https://sputnik.kz/20230307/sagyz-auylyndagy-zhappay-tobeles-21-adamga-sot-ukimi-shyqty-32741467.html
Сағыз ауылындағы жаппай төбелес: 21 адамға сот үкімі шықты
Сағыз ауылындағы жаппай төбелес: 21 адамға сот үкімі шықты
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 7 наурыз – Sputnik. Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында болған жаппай төбелеске қатысқандарға сот үкімі шықты, деп хабарлайды "Мой город"... 07.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-07T12:18+0500
2023-03-07T12:18+0500
2023-03-07T12:18+0500
сот
атырау облысы
https://sputnik.kz/img/878/08/8780845_42:0:1100:595_1920x0_80_0_0_b6e314f20651fbdc34e252e06ec51848.jpg
АЛМАТЫ, 7 наурыз – Sputnik. Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында болған жаппай төбелеске қатысқандарға сот үкімі шықты, деп хабарлайды "Мой город" порталы. Оқиға 2021 жылы 30 қазанда болған. Сот үкімі шыққан үш адам кісі өлтіргені және кісі өлтіруге оқталғаны үшін, біреуі денсаулыққа қасақана зиян келтіргені үшін, 10 адам қылмысты біле тұрып жасырғаны үші, ал бір адам жасырынып қалғаны үшін айыпталды. Қылмыстық істі алқабилер қарады. Күдіктілер оқиға орнынан қашып кеткен. Жаппай төбелес салдарынан бір адам қайтыс болып, 6 адам ауыр жараланған. Жәбірленуші тарап сотталушыларға ең ауыр жаза тағайындауды сұрады. Сотталғандардың бірі 16 жылға, екіншісі 11 жыл, ал үшіншісі бес жылға сотталды. Сондай-ақ 6 адам 4 жылға бас бостандығынан айрылды. Тағы бір айыпты орташа ауырлықтағы денсаулыққа қасақана зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылды, бірақ рақымшылық жасалды. Алқабилер кінәсі дәлелденбеген 11 адамды ақтады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
атырау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/878/08/8780845_248:0:1041:595_1920x0_80_0_0_1140501ab4d76e5b56fa475137a5e0a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сот, атырау облысы
Сағыз ауылындағы жаппай төбелес: 21 адамға сот үкімі шықты
АЛМАТЫ, 7 наурыз – Sputnik. Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында болған жаппай төбелеске қатысқандарға сот үкімі шықты, деп хабарлайды "Мой город" порталы.
Оқиға 2021 жылы 30 қазанда болған. Сот үкімі шыққан үш адам кісі өлтіргені және кісі өлтіруге оқталғаны үшін, біреуі денсаулыққа қасақана зиян келтіргені үшін, 10 адам қылмысты біле тұрып жасырғаны үші, ал бір адам жасырынып қалғаны үшін айыпталды. Қылмыстық істі алқабилер қарады.
"Төбелес кезінде сотталушылардың бірі пышақпен жәбірленушіні иық тұсынан жарақаттаған, сосын екі адамның кеуде тұсынан пышақтаған. Басқа сотталушы тағы бір жәбірленушінің басынан құбырмен соққан. Осы кезде көліктің жанында тұрып, не болып жатқанын бақылап отырған жас жігіт аңшы мылтығынан аспанға бірнеше рет оқ атады Әрі қарай сотталушы аңшылық қаруын көпшілікке қарай көздеп, ер адамға екі рет оқ атқан", — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Күдіктілер оқиға орнынан қашып кеткен. Жаппай төбелес салдарынан бір адам қайтыс болып, 6 адам ауыр жараланған. Жәбірленуші тарап сотталушыларға ең ауыр жаза тағайындауды сұрады.
Сотталғандардың бірі 16 жылға, екіншісі 11 жыл, ал үшіншісі бес жылға сотталды. Сондай-ақ 6 адам 4 жылға бас бостандығынан айрылды. Тағы бір айыпты орташа ауырлықтағы денсаулыққа қасақана зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылды, бірақ рақымшылық жасалды. Алқабилер кінәсі дәлелденбеген 11 адамды ақтады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.