Қостанай облысында қар құрсауында қалған 24 адам құтқарылды

© Photo : МЧС КазахстанаМЧС За сутки на автодорогах республики вызволено 23 единиц техники, спасено и эвакуировано 132 человека
МЧС За сутки на автодорогах республики вызволено 23 единиц техники, спасено и эвакуировано 132 человека - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.03.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 7 наурыз – Sputnik. Қостанай облысында қарлы боранда жолда қалып қойған жолаушылар құтқарылды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар минитсрлігі.
Қостанай облысында құтқарушылар бірқатар қиындыққа тап болып жатыр. Қатты соққан қарлы бораннан жолдарды тазалау мүмкін болмай тұр.
6 наурызда құтқарушылар Қостанай облысының Науырзым, Қамысты, Қарасу аудандарының аумағында 4 авариялық-құтқару операциясын жүргізді. 24 адам құтқарылды, оның 8-і бала.
"Төтенше жағдай салдарын жоюға 10 қызметкер мен 4 бірлік арнайы техника қатысты. Жергілікті жерлерде барлығы 4 уақытша блок-бекеттердің, жеке құрамның 4 құтқарушысы мен 2 бірлік техника, полиция департаментінен 5 адам мен 4 бірлік техника кезекшілігі ұйымдастырылды, 160 орынға 4 жылыту пункті дайындалды", – деп мәлімдеді төтенше жағдайлар министрлігі.
Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға қолайсыз ауа-райында жолға шықпауды ескертеді.
Жаңалықтар
0