https://sputnik.kz/20230307/qazaqstannyn-oz-munay-brendin-engizui-sanktsiyalyq-syn-qaterdi-tomendetuge-komektesti-32749878.html
Қазақстанның өз мұнай брендін енгізуі санкциялық сын-қатерді төмендетуге көмектесті
Қазақстанның өз мұнай брендін енгізуі санкциялық сын-қатерді төмендетуге көмектесті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 7 наурыз – Sputnik. Қазақстанның өз мұнай маркасын – KEBCO (Kazakhstan Export Blend Crude Oil) енгізуі республика экспорттаушыларына санкциялық... 07.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-07T20:33+0500
2023-03-07T20:33+0500
2023-03-07T20:33+0500
мұнай
https://sputnik.kz/img/07e7/03/07/32747441_0:0:2048:1153_1920x0_80_0_0_b4576e9d417ad02ec83c8b4ffe5507eb.jpg
АСТАНА, 7 наурыз – Sputnik. Қазақстанның өз мұнай маркасын – KEBCO (Kazakhstan Export Blend Crude Oil) енгізуі республика экспорттаушыларына санкциялық сын-қатерді барынша азайтуға мүмкіндік берді, деп хабарлады "ҚазМұнайГаз" (ҚМГ) ұлттық мұнай-газ компаниясының басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев.Хьюстонда (АҚШ) өткен CERAWeek энергетикалық конференциясында сөз сөйлеген Мырзағалиев санкциялық кедергілерді еңсеру бойынша ҚМГ тәжірибесін бөлісті.ҚазМұнайГаз басшысы 2022 жылдың маусымынан бастап KEBCO мұнайының жаңа брендін енгізу "қазақстандық мұнай-газ компаниялары үшін сын-тәуекелдерді барынша азайтуға мүмкіндік бергенін және бүгінгі күні KEBCO мұнай баға белгілеулері тұрақты оң үрдісті көрсетіп отырғанын" атап өтті. Оның айтуынша, KEBCO және Brent маркалы мұнайдың белгіленген сұрыптары арасындағы нарықтық жеңілдік барреліне шамамен 3 долларды құрайды.2022 жылдың маусымында ҚазМұнайГаз қазақстандық мұнай компаниялары шикізаттың Қазақстаннан шыққанын көрсету үшін мұнай экспортына құжаттарды ресімдеу кезінде KEBCO (Kazakhstan Export Bridge Crude Oil) атауын көрсете бастағанын хабарлады. Бұған дейін "Транснефть" жүйесі арқылы әлемдік нарыққа тасымалданатын қазақстандық мұнай ресейлік Urals сауда белгісімен сатылған.CERAWeek – АҚШ-тың Хьюстон қаласында S&P Global ақпараттық-аналитикалық компаниясы ұйымдастыратын ең ірі жыл сайынғы энергетикалық конференция. Биыл форум "Турбуленттілік жағдайындағы навигация: энергетика, климат және қауіпсіздік" тақырыбына арналған және оған әлемнің түкпір-түкпірінен 4 мыңға жуық делегат, атап айтқанда, энергетикалық компаниялардың басшылары мен өкілдері, саясаткерлер, энергетика, қаржы, экология салаларындағы сарапшылар жиналды.Өз сөзінде Мырзағалиев президенттің энергетикалық теңгерімді әртараптандыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Қазақстан үкіметі 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын әзірлегенін атап өтті.Осы бағытта "ҚазМұнайГаз" мұнай-газ-химия және "жасыл" жобалар сынды жаңа бағытты жүзеге асыруды күшейтті. Атырау облысында өткен жылы іске қосылған полипропилен өндіру бойынша Мұнай-газ-химиялық кешені, сондай-ақ Маңғыстау және Жамбыл облыстарындағы баламалы энергия көздерін пайдаланатын ірі электр станцияларының игеріліп жатқан жобалары мысал ретінде келтірілді.Сонымен қатар сапар барысында ҚазМұнайГаз басшысы бірқатар іскерлік кездесу өткізіп, Shell компаниясының барлау және өндіру жөніндегі директоры Зоя Юновичпен, Chevron компаниясының атқарушы вице-президенті Найджел Хирнмен және ExxonMobil компаниясының аға вице-президенті Нил Чепманмен ынтымақтастық келешегін талқылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/07/32747441_148:0:1968:1365_1920x0_80_0_0_59d91e7501eae75af846f0537d41a8e0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай
АСТАНА, 7 наурыз – Sputnik. Қазақстанның өз мұнай маркасын – KEBCO (Kazakhstan Export Blend Crude Oil) енгізуі республика экспорттаушыларына санкциялық сын-қатерді барынша азайтуға мүмкіндік берді, деп хабарлады "ҚазМұнайГаз" (ҚМГ) ұлттық мұнай-газ компаниясының басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев.
Хьюстонда (АҚШ) өткен CERAWeek энергетикалық конференциясында сөз сөйлеген Мырзағалиев санкциялық кедергілерді еңсеру бойынша ҚМГ тәжірибесін бөлісті.
"Өткен жылы біз Urals және Brent маркалы мұнайдың белгіленген сорттары арасындағы спред (дисконт) бағасы бір баррель үшін 30-40 долларға жеткенін көрдік. Бұған дейін оның бағасы шамамен 1,53-1,23 доллар болды. Яғни мұнай бағасы жоғары болып көрінгенімен, анығында қазақстандық жер қойнауын пайдаланушылардың мұнайды сатудан нақты табысы әлдеқайда төмен болды", - деген Мырзағалиевтің сөзі компанияның баспасөз релизінде келтірілген.
ҚазМұнайГаз басшысы 2022 жылдың маусымынан бастап KEBCO мұнайының жаңа брендін енгізу "қазақстандық мұнай-газ компаниялары үшін сын-тәуекелдерді барынша азайтуға мүмкіндік бергенін және бүгінгі күні KEBCO мұнай баға белгілеулері тұрақты оң үрдісті көрсетіп отырғанын" атап өтті. Оның айтуынша, KEBCO және Brent маркалы мұнайдың белгіленген сұрыптары арасындағы нарықтық жеңілдік барреліне шамамен 3 долларды құрайды.
2022 жылдың маусымында ҚазМұнайГаз қазақстандық мұнай компаниялары шикізаттың Қазақстаннан шыққанын көрсету үшін мұнай экспортына құжаттарды ресімдеу кезінде KEBCO (Kazakhstan Export Bridge Crude Oil) атауын көрсете бастағанын хабарлады. Бұған дейін "Транснефть" жүйесі арқылы әлемдік нарыққа тасымалданатын қазақстандық мұнай ресейлік Urals сауда белгісімен сатылған.
CERAWeek – АҚШ-тың Хьюстон қаласында S&P Global ақпараттық-аналитикалық компаниясы ұйымдастыратын ең ірі жыл сайынғы энергетикалық конференция. Биыл форум "Турбуленттілік жағдайындағы навигация: энергетика, климат және қауіпсіздік" тақырыбына арналған және оған әлемнің түкпір-түкпірінен 4 мыңға жуық делегат, атап айтқанда, энергетикалық компаниялардың басшылары мен өкілдері, саясаткерлер, энергетика, қаржы, экология салаларындағы сарапшылар жиналды.
Өз сөзінде Мырзағалиев президенттің энергетикалық теңгерімді әртараптандыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Қазақстан үкіметі 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын әзірлегенін атап өтті.
Осы бағытта "ҚазМұнайГаз" мұнай-газ-химия және "жасыл" жобалар сынды жаңа бағытты жүзеге асыруды күшейтті. Атырау облысында өткен жылы іске қосылған полипропилен өндіру бойынша Мұнай-газ-химиялық кешені, сондай-ақ Маңғыстау және Жамбыл облыстарындағы баламалы энергия көздерін пайдаланатын ірі электр станцияларының игеріліп жатқан жобалары мысал ретінде келтірілді.
Сонымен қатар сапар барысында ҚазМұнайГаз басшысы бірқатар іскерлік кездесу өткізіп, Shell компаниясының барлау және өндіру жөніндегі директоры Зоя Юновичпен, Chevron компаниясының атқарушы вице-президенті Найджел Хирнмен және ExxonMobil компаниясының аға вице-президенті Нил Чепманмен ынтымақтастық келешегін талқылады.