Қарағандының оқушысын АҚШ-тың төрт бірдей белді университетіне шақырды

© Photo : buivuongСтудентка пишет конспект лекции
Студентка пишет конспект лекции  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 7 наурыз – Sputnik. Қарағанды қаласының оқушысы Адина Жайлова Американың үздік төрт университетіне оқуға шақыру алды. Ол өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Адина Назарбаев зияткерлік мектебінде 12-сыныпта оқиды. Ол өз өтінімдерін бірнеше әлемдік жоғары оқу орындарына жіберді. Оған АҚШ-тың бірден төрт университеті - Джон Хопкинс университетіне (John Hopkins University), сондай-ақ Питтсбург (University of Pittsburgh), Мичиган штатындағы (Michigan State University) және Бостондағы (Northeastern University) университеті шақыру жіберді.
Қарағандылық оқушы Джон Хопкинс университетін таңдады. Іріктеуден өту өте қиын. Жыл сайын оған 30 мыңнан астам адам түсуге тырысады, бірақ үміткерлердің тек 6% ғана өтеді. Джон Хопкинс университетінің түлектері арасында Нобель сыйлығының 27 лауреаты бар.
"Университетте биохимияны оқығым келеді. Менде екінші курстың соңында мамандық туралы шешім қабылдауға мүмкіндігім бар. Қазақстанда ғылымның дамуына өз үлесімді қосу үшін PhD алуды жоспарлап отырмын", ‒ дейді Адина Жайлова.
Қазіргі кезде оқушы қыз бар күш-жігерін оқуға және өзін дамытуға салып жатыр. Спортқа да уақыт бөлуге тырысады. Адина футболды жақсы көреді.
Жаңалықтар
0