Погондағы журналист: ювеналды полицияның бір күні

© Sputnik/Ертай СарбасовПогондағы журналист: ювеналды полицияның бір күні
Погондағы журналист: ювеналды полицияның бір күні  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.03.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 7наурыз – Sputnik. Алматы қалалық полиция департаменті журналистер үшін "Погондағы журналист" акциясын өтікізді. Sputnik Қазақстан тілшісі ювеналды полициянің жұмысын біліп қайтты.
"Погондағы журналист" акциясы бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Мақсаты – ішкі істер саласында еңбек ететін мамандардың еңбек жолының маңыздылығын көрсету.
Sputnik Қазақстан тілшісі бір күнін погонда жүріп, атқарды. Полиция формасының өзіндік тәртібі бар. Жағаға таққан галстук міндетті түрде түзу тұру керек. Тіпті белдемшеңіздің қызыл сызығы да әрі-бері жылжымай, тіп-тік түзу болу керек. Полиция қатарында қызмет ететін әйел адамдарға қойылатын талап та ер адамдармен бірдей. Сапта тұрудың да өзіндік тәртібі бар. Қысқасы, киімің мен жүріс-тұрысыңда темірдей тәртіп болуы міндетті.
© Sputnik/Ертай Сарбасов Sarbasov ErtayЖурналистер бір күн бойы полиция формасын киіп жүрді
Журналистер бір күн бойы полиция формасын киіп жүрді - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.03.2023
Журналистер бір күн бойы полиция формасын киіп жүрді
8 наурыз қарсаңында ұйымдастырылған "Погондағы журналист" акциясында Алматы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Олжас Мырзабеков журналистерді мерекемен құттықтады.
Sputnik Қазақстан тілшісіне ювеналды полицияның бір күнімен танысу бұйырды. Дәл осы күні Алматыда 3 жасар бүлдіршіннен көз жазып қалған анаға ювеналды полиция мамандары көмеккке келді. Анасы азық-түлік алуға айналғанда бүлдіршін белгісіз жаққа кетіп қалған. Бір сағаттың ішінде бала аман-есен анасына қайтарылды. Баласынан айырылып жанұшыра шырылдаған ананың алғысына бөленген құқық қорғаушыларға біз де риза болдық.
© Sputnik/Ертай СарбасовЮвеналды полиция қызметкерлері жоғалған баланы анасына табыстады
Ювеналды полиция қызметкерлері жоғалған баланы анасына табыстады - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.03.2023
Ювеналды полиция қызметкерлері жоғалған баланы анасына табыстады
Ювеналды полиция есірткіге тәуелді отбасындағы балалардың да құқығын қорғайды. Бірнеше рет емделіп, алайда есірткіден құлан таза айығып кете алмаған отбасылардың біріне бардық. Өкінішке қарай бала есікті ашпады. Ол нашақор әкесінің жұмыста екенін айтты. Баланың айтуынша анасы да жұмыста, үйде ешкім жоқ. Ал құқық қорғау органдары кәмелетке толмаған баладан ата-анасының рұқсатынсыз қандай да бір шара талап етуге заң бойынша рұқсат жоқ. Баланың өміріне араша болуды ойлаған полиция мен өз баласына немқұрайды қарайтын ата-ананың мәселесі бізді күйзелтпей қоймады.
© Sputnik/Ертай СарбасовПолицияға есікті ешкім ашпады
Полицияға есікті ешкім ашпады - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.03.2023
Полицияға есікті ешкім ашпады
Анасы ішімдікке салынған отбасылар бар. Полиция қаншама рет шара қолданғанымен уақытша түзелген отбасылар бұрынғы жолына қайта түсетін көрінеді. Шашылған үй, берекесі қашқан шаңырақ, ашқұрсақ балалар, ішімдіктен әбден тозған ана. 4 және 6 жастағы екі баланың қазіргі тұрмыс жағдайы үрейіңді ұшырады.
© Sputnik/Ертай СарбасовІшімдікке салынған отбасының пәтері
Ішімдікке салынған отбасының пәтері - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.03.2023
Ішімдікке салынған отбасының пәтері
Кәмелетке толмағандарға қатысты Алматы қаласында жыл басынан бері барлығы 2650 құқық бұзушылық болған. Былтыр дәл осы мерзімде мұндай келеңсіздіктер саны 1992 болған. Екі айда компьютерлік клубта жүрген 72 жасөспірім анықталған.
© Sputnik/Ертай СарбасовПогондағы журналист: ювеналды полицияның бір күні
Погондағы журналист: ювеналды полицияның бір күні  - Sputnik Қазақстан
1/5
Погондағы журналист: ювеналды полицияның бір күні
© Sputnik/Ертай СарбасовПогондағы журналист: ювеналды полицияның бір күні
Погондағы журналист: ювеналды полицияның бір күні  - Sputnik Қазақстан
2/5
Погондағы журналист: ювеналды полицияның бір күні
© Sputnik/Ертай СарбасовПогондағы журналист: ювеналды полицияның бір күні
Погондағы журналист: ювеналды полицияның бір күні  - Sputnik Қазақстан
3/5
Погондағы журналист: ювеналды полицияның бір күні
© Sputnik/Ертай СарбасовПогондағы журналист: ювеналды полицияның бір күні
Погондағы журналист: ювеналды полицияның бір күні  - Sputnik Қазақстан
4/5
Погондағы журналист: ювеналды полицияның бір күні
© Sputnik/Ертай СарбасовПогондағы журналист: ювеналды полицияның бір күні
Погондағы журналист: ювеналды полицияның бір күні  - Sputnik Қазақстан
5/5
Погондағы журналист: ювеналды полицияның бір күні
1/5
Погондағы журналист: ювеналды полицияның бір күні
2/5
Погондағы журналист: ювеналды полицияның бір күні
3/5
Погондағы журналист: ювеналды полицияның бір күні
4/5
Погондағы журналист: ювеналды полицияның бір күні
5/5
Погондағы журналист: ювеналды полицияның бір күні
Полицияның айтуынша, биылғы жылы мұндай клубта жүретіндер көбейген. Сорақысы сол компьютер ойнайтын қыздар саны да артып барады. Мұндай жағдайда бала ата-анасына табысталып, арнайы хаттама толтырылады.
© Sputnik/Ертай СарбасовТүн ортасында компьютер ойнайтын қыздар да көбейген
Түн ортасында компьютер ойнайтын қыздар да көбейген - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.03.2023
Түн ортасында компьютер ойнайтын қыздар да көбейген
Қайыр тілеп, көшеде, қоғамдық көліктерде елдің мазасын алатындар да аз емес. Полиция мамандарының айтуынша, өзге елден келген келімсектер арасында жасы кәмелетке толмаған аяғы ауыр жасөспірімдер көп. Барлығы уақытша бейімдеу орталығына орналастырылады. Бірақ ол жерден шығысымен жасөспірім жүкті аналар баяғы әдетіне басады.
© Sputnik/Ертай СарбасовТәжікстаннан келген жасөспірімдер
Тәжікстаннан келген жасөспірімдер - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.03.2023
Тәжікстаннан келген жасөспірімдер
Көшеде бейсауат жүретін жасөспірімдер қатары азаймай тұр. Бәрі бірдей құқық бұзып, әбігерге түсірмесе де, балалардың түн жарымда көше кезуі жақсылыққа әкелмейді, дейді полиция.
Жаңалықтар
0