https://sputnik.kz/20230307/ortalyq-saylau-komissiyasy-mazhilis-saylauyna-tagy-157-bayqaushyny-tirkedi-32743268.html
Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауына тағы 157 байқаушыны тіркеді
Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауына тағы 157 байқаушыны тіркеді
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 7 наурыз - Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан мәжілісіне сайлауға тағы 157 байқаушыны аккредиттеді. 07.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-07T13:26+0500
2023-03-07T13:26+0500
2023-03-07T13:26+0500
сайлау
https://sputnik.kz/img/old/113/02/1130257_0:0:1440:810_1920x0_80_0_0_40c667faaa4a358f96c6856b89b74a83.jpg
АЛМАТЫ, 7 наурыз - Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан мәжілісіне сайлауға тағы 157 байқаушыны аккредиттеді. "2023 жылғы 20 қаңтарда Қазақстан парламенті мәжілісінің кезектен тыс сайлауын халықаралық бақылау институты ашылғаннан бері орталық сайлау комиссиясы 16 шет мемлекеттен және төрт халықаралық ұйымнан 165 байқаушыны аккредиттеді", – деді ОСК хатшысы Мұхтар Ерман. 7 наурызға дейін сыртқы істер министрлігінің орталық сайлау комиссиясына аккредиттеуге 23 шет мемлекеттен және 6 халықаралық ұйымдардан 157 бақылаушының кандидатуралары ұсынылған. Халықаралық ұйымдардың қатарында 77 байқаушының тізімін ұсынған ТМД бақылаушылар миссиясы, ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының парламенттік ассамблеясы (ҰҚШҰ ПА, 11 кандидатура), түркі мемлекеттерінің ұйымы (6 байқаушы), түркі мемлекеттерінің парламенттік ассамблеясы (20 байқаушы) бар. Сондай-ақ Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестен (2 адам) және Халықаралық Түркі академиясынан (3 адам) байқаушылар тізімі ұсынылған. Сонымен қатар жақында жойқын жер сілкінісі болған Түркия аккредиттеуге үш бақылаушының кандидатурасын ұсынғаны белгілі болды. "Жақында Түркияда жойқын жер сілкінісі болды. Осы қайғылы оқиғаға қарамастан, Түркиядан келген әріптестеріміз Қазақстандағы сайлауға байқаушы ретінде қатысуға ниет білдірді. Жоғары Кеңес мүшелеріне бұл үшін алғыс білдіргім келеді", – деп атап өтті орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров. Орталық сайлау комиссиясы ұсынылған бақылаушыларды тіркеу туралы қаулы қабылдады. Халықаралық бақылаушыларды аккредиттеу 13 наурызға дейін жалғасады. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандағы мәжіліске кезектен тыс сайлау 19 наурызда өтеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/113/02/1130257_180:0:1260:810_1920x0_80_0_0_383c5040704eccb938497bbc8bba26c1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сайлау
АЛМАТЫ, 7 наурыз - Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан мәжілісіне сайлауға тағы 157 байқаушыны аккредиттеді.
"2023 жылғы 20 қаңтарда Қазақстан парламенті мәжілісінің кезектен тыс сайлауын халықаралық бақылау институты ашылғаннан бері орталық сайлау комиссиясы 16 шет мемлекеттен және төрт халықаралық ұйымнан 165 байқаушыны аккредиттеді", – деді ОСК хатшысы Мұхтар Ерман.
7 наурызға дейін сыртқы істер министрлігінің орталық сайлау комиссиясына аккредиттеуге 23 шет мемлекеттен және 6 халықаралық ұйымдардан 157 бақылаушының кандидатуралары ұсынылған. Халықаралық ұйымдардың қатарында 77 байқаушының тізімін ұсынған ТМД бақылаушылар миссиясы, ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының парламенттік ассамблеясы (ҰҚШҰ ПА, 11 кандидатура), түркі мемлекеттерінің ұйымы (6 байқаушы), түркі мемлекеттерінің парламенттік ассамблеясы (20 байқаушы) бар.
Сондай-ақ Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестен (2 адам) және Халықаралық Түркі академиясынан (3 адам) байқаушылар тізімі ұсынылған. Сонымен қатар жақында жойқын жер сілкінісі болған Түркия аккредиттеуге үш бақылаушының кандидатурасын ұсынғаны белгілі болды.
"Жақында Түркияда жойқын жер сілкінісі болды. Осы қайғылы оқиғаға қарамастан, Түркиядан келген әріптестеріміз Қазақстандағы сайлауға байқаушы ретінде қатысуға ниет білдірді. Жоғары Кеңес мүшелеріне бұл үшін алғыс білдіргім келеді", – деп атап өтті орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.
Орталық сайлау комиссиясы ұсынылған бақылаушыларды тіркеу туралы қаулы қабылдады. Халықаралық бақылаушыларды аккредиттеу 13 наурызға дейін жалғасады. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандағы мәжіліске кезектен тыс сайлау 19 наурызда өтеді.