https://sputnik.kz/20230306/zhetisu-oblysynda-qar-suy-auyl-aulasyn-basyp-qaldy----32686376.html
Жетісу облысында қар суы ауыл ауласын басып қалды
Жетісу облысында қар суы ауыл ауласын басып қалды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Жетісу облысында күн күрт жылынып, егістік алқаптарындағы еріген қар суы Қызылжар ауылындағы аулаларды басып қалды, деп хабарлайды... 06.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-06T08:54+0500
2023-03-06T08:54+0500
2023-03-06T08:54+0500
жетісу
тасқын
https://sputnik.kz/img/07e7/03/06/32685302_0:0:2731:1537_1920x0_80_0_0_3176c5f236c0da102c89a4a809fa31c7.jpg
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Жетісу облысында күн күрт жылынып, егістік алқаптарындағы еріген қар суы Қызылжар ауылындағы аулаларды басып қалды, деп хабарлайды облыстың төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі. Әлеуметтік желіде еріген қар суының көше мен аулаларды басып жатқаны түсірілген видео тарады. Бұл кадрлар 5 наурыз күні Кербұлақ ауданында түсірілгені анықталды. Қардың қатты еруі Қызылжар ауылының шығыс бөлігін су басуына әкелді. Жергілікті билік ауыл тұрғындары және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен (66 жұмысшы және 11 техника) бірлесе отырып, арықтарды тереңдету және тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Инертті материалдары бар қаптар жиналып, сондай-ақ егістіктердегі еріген қар суын бұрып әкететін қосымша арна қазылып жатыр. Ведомство ауыл тұрғындарын алдын алу шараларын жүргізіп, елді мекендердегі арық желілерін қардан, мұздан, қоқыстан тазартуға кірісуге шақырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/06/32685302_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_ab9788b2b195db6e219e76fabb8a2028.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жетісу, тасқын
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Жетісу облысында күн күрт жылынып, егістік алқаптарындағы еріген қар суы Қызылжар ауылындағы аулаларды басып қалды, деп хабарлайды облыстың төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі.
Әлеуметтік желіде еріген қар суының көше мен аулаларды басып жатқаны түсірілген видео тарады.
Бұл кадрлар 5 наурыз күні Кербұлақ ауданында түсірілгені анықталды. Қардың қатты еруі Қызылжар ауылының шығыс бөлігін су басуына әкелді.
"Арық жүйесі судың көлеміне төтеп бере алмай, көше мен төрт тұрғын үй ауласын су басты. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Қазір су деңгейі төмендеді. Еріген су Байғазы өзеніне құйылып жатыр", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Жергілікті билік ауыл тұрғындары және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен (66 жұмысшы және 11 техника) бірлесе отырып, арықтарды тереңдету және тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Инертті материалдары бар қаптар жиналып, сондай-ақ егістіктердегі еріген қар суын бұрып әкететін қосымша арна қазылып жатыр.
Ведомство ауыл тұрғындарын алдын алу шараларын жүргізіп, елді мекендердегі арық желілерін қардан, мұздан, қоқыстан тазартуға кірісуге шақырды.