Қарағандыда жасөспірім қызға қиянат жасамақ болған ер адам ұсталды

© Photo : Пресс-служба департамента полиции Алматы Подозреваемый в наручниках
Подозреваемый в наручниках - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 9 наурыз – Sputnik. Қарағанды облысында 14 жастағы қызға көпқабатты үйлердің лифтісінде ересек адам тиіспек болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұл бейнежазба әлеуметтік желіде тарап кетті. Оқиға 2 наурызда сағат 14:30 шамасында болған. Бейнежазбада көпқабатты үйдің лифтісіне жасөспірім қызбен бірге кірген ер адамның өрескел қылықтары көрсетілген.
14 жастағы қыз болған оқиғаны анасына айтып шағымданған. Анасаның айтуынша, ер адам жасөспірімге пәтеріне баруды ұсынған.
Артынша жасөспірімге тиіспек болған ер адамның кешірім сұраған видеосы тарады. Ол өз сөзінде расымен арам пиғылы болғанын мойындады. Ер адам өзінің отбасы барын, тіпті әйелінің аты-жөні кім екенін де жасырмастан айтып берді.
Қыздың анасы полицияға шағымданды.
"Қарағандының 35 жастағы тұрғыны полицияға жүгінді. Ол көп қабатты үйдің кіреберіс лифтісінде тұрған белгісіз жігіттің кәмелетке толмаған қызын сүйгенін айтып, шағым түсірді. Полиция 23 жастағы жас жігітті анықтады, оның іс-әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы - "ұсақ бұзақылық" қарастырылған. Сот полиция қызметкерлерінің дәлелдерімен келісіп, құқық бұзушыны үш тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алды", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
0