Білім

"Назарбаев Зияткерлік мектептеріне" жаңа басшы келді

© Sputnik / Владислав ВодневӘнуар Жанғозин
Әнуар Жанғозин - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Әнуар Жанғозин "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
"Бүгін "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ Қамқоршылық кеңесінің шешімімен басқарма төрағасы лауазымына тағайындалдым. Бұл ұйымда 15 жыл бұрын еңбек жолымды бастап, бірегей тәжірибе алу мүмкіндігіне ие болдым. Алған білімімді кейін түрлі мекемелерде қызмет атқару барысында қолдандым. Енді Зияткерлік мектептерді одан әрі дамытуға бағытталған жұмысқа кірісіп отырмын", - деп жазды Жанғозин.
Бұған дейін Әнуар Жанғозин "Болашақ" халықаралық бағдарламалар орталығын басқарған болатын.
Ал "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ басқарма төрағасы қызметін 2019 жылдан бері Күләш Шәмшидинова атқарып келді.
Жаңалықтар
0