Ғалым Тоқаевқа Қазақ мемлекеттілігі туралы еңбегін таныстырды

© Официальный сайт Президента КазахстанаТоқаев Заманауи зерттеулер институтының директоры Мұхит-Ардагер Сыдықназаровты қабылдады
Тоқаев Заманауи зерттеулер институтының директоры Мұхит-Ардагер Сыдықназаровты қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Заманауи зерттеулер институтының директоры Мұхит-Ардагер Сыдықназаровты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Кездесуде Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Заманауи зерттеулер институтының директоры, саяси ғылымдар докторы, профессор Мұхит-Ардагер Сыдықназаров Президентке өзінің "Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі тарих толқынында. XVІ-XIX ғасырлардағы еуропалық және америкалық карталардағы Қазақ мемлекеті" атты жаңа еңбегі туралы баяндады.
© Официальный сайт Президента Казахстана Еуропа және Американың карталарындағы Қазақ мемлекеті
 Еуропа және Американың карталарындағы Қазақ мемлекеті - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2023
Еуропа және Американың карталарындағы Қазақ мемлекеті
Оның айтуынша, 1465 жылы Қазақ хандығы құрылған кезден бері мемлекет атауы Батыс елдерінің озық картографиялық баспаларынан шыққан атлас карталарынан қалыс қалып көрмеген. Олардың арасында Америка Құрама Штаттары, Бельгия, Англия, Франция, Италия, Германия және басқа да мемлекеттерде басылған карталар бар. Аталған еңбекте мемлекеттігіміз анық көрсетілген және орта ғасырлардан, яғни 1562 жылдан бастап 1879 жылға дейінгі кезең қамтылған. Барлығы – 130 карта. Автор кітаптың Бельгия баспасынан шығуын бельгиялық, нидерландық картографтар Қазақ мемлекеттілігін алғашқылардың бірі болып картаға түсірумен байланыстырады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың еңбегіне жоғары баға беріп, еліміздің барлық өңірінде және халықаралық іс-шараларда арнайы көрмелер ұйымдастыру қажет екенін айтты.
Жаңалықтар
0