https://sputnik.kz/20230306/bes-mynnan-astam-adam-otbasynyn-tsifrlyq-kartasy-arqyly-memlekettik-qyzmet-aldy-32721161.html
Бес мыңнан астам адам отбасының цифрлық картасы арқылы мемлекеттік қызмет алды
Бес мыңнан астам адам отбасының цифрлық картасы арқылы мемлекеттік қызмет алды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 6 наурыз – Sputnik. Отбасының цифрлық картасын енгізудің арқасында 2 айда 43 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызметтерді оңай алу үшін SMS-хабарлама... 06.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-06T20:38+0500
2023-03-06T20:38+0500
2023-08-11T11:40+0500
жәрдемақы
зейнетақы
https://sputnik.kz/img/842/44/8424471_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_51ec1215ef4d6f2a009c140607e19955.jpg
АЛМАТЫ, 6 наурыз – Sputnik. Отбасының цифрлық картасын енгізудің арқасында 2 айда 43 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызметтерді оңай алу үшін SMS-хабарлама жіберілді, деп хабарлады еңбекпен қамту және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.Ал 5 мыңнан астам адам өтінішсіз жәрдемақы немесе төлем алды. Отбасының цифрлық картасы арқылы қазақстандықтар еш жерге өтініш жазбай-ақ жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 9 түрін ресімдей алады.Соның бірі – астана тұрғыны Алтынқыз Елеу, ол отбасының цифрлық картасы арқылы бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді рәсімдеді.Сондай-ақ цифрлық карта арқылы зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі туралы автоматты хабарлама іске асырылды.Еске сала кетейік, қазақстандықтар отбасының цифрлық картасы арқылы жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда, бала күтіміне, жұмысынан айырылған жағдайда және асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемді рәсімдей алады. Сондай-ақ мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-анасына (қамқоршысына), мүгедектігі бойынша берілетін, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар мен "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмекті осы цифрлық карта арқылы еш жерге өтініш жазып әуре болмай-ақ ресімдеуге болады.Мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқық белгіленген кезде әлеуетті алушыға 1414 бірыңғай байланыс орталығынан SMS-хабарлама жіберіледі. Хабарлама алған азамат оған келісімі туралы жауап беруі керек. Өтінішті ресімдеу және әлеуметтік жәрдемақы немесе төлем тағайындау автоматты режимде жүргізіледі, содан кейін ақша қаражаты алушының банк шотына аударылады.Алаяқтыққа жол бермеу үшін 1414 бірыңғай байланыс орталығынан келіп түскен SMS-ке жауап беру керек.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/842/44/8424471_213:0:1920:1280_1920x0_80_0_0_3978b1782a630e952e118f2eb74dc327.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жәрдемақы, зейнетақы
АЛМАТЫ, 6 наурыз – Sputnik. Отбасының цифрлық картасын енгізудің арқасында 2 айда 43 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызметтерді оңай алу үшін SMS-хабарлама жіберілді, деп хабарлады еңбекпен қамту және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Ал 5 мыңнан астам адам өтінішсіз жәрдемақы немесе төлем алды. Отбасының цифрлық картасы арқылы қазақстандықтар еш жерге өтініш жазбай-ақ жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 9 түрін ресімдей алады.
Соның бірі – астана тұрғыны Алтынқыз Елеу, ол отбасының цифрлық картасы арқылы бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді рәсімдеді.
"Әрине, мұндай төлемге құқығым бар екенін түсіндім. Бір жерге барып, арыз жазу керек деп ойладым. Бірақ содан кейін маған хабарлама келді, мен оған ыңғайлы банкті таңдау арқылы жауап бердім және бір айдың ішінде ақша менің шотымда болды. Бұл өте ыңғайлы", - деді Алтынқыз Елеу.
Сондай-ақ цифрлық карта арқылы зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі туралы автоматты хабарлама іске асырылды.
Еске сала кетейік, қазақстандықтар отбасының цифрлық картасы арқылы жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда, бала күтіміне, жұмысынан айырылған жағдайда және асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемді рәсімдей алады. Сондай-ақ мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-анасына (қамқоршысына), мүгедектігі бойынша берілетін, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар мен "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмекті осы цифрлық карта арқылы еш жерге өтініш жазып әуре болмай-ақ ресімдеуге болады.
Мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқық белгіленген кезде әлеуетті алушыға 1414 бірыңғай байланыс орталығынан SMS-хабарлама жіберіледі. Хабарлама алған азамат оған келісімі туралы жауап беруі керек. Өтінішті ресімдеу және әлеуметтік жәрдемақы немесе төлем тағайындау автоматты режимде жүргізіледі, содан кейін ақша қаражаты алушының банк шотына аударылады.
Алаяқтыққа жол бермеу үшін 1414 бірыңғай байланыс орталығынан келіп түскен SMS-ке жауап беру керек.