https://sputnik.kz/20230306/aqtobe-oblysynda-oqushylar-mingen-dzhip-audaryldy-tagy-bir-oqushy-koz-zhumdy-32685604.html
Ақтөбе облысында оқушылар мінген джип аударылды: тағы бір оқушы көз жұмды
Ақтөбе облысында оқушылар мінген джип аударылды: тағы бір оқушы көз жұмды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысында жол апатына түскен кәмелетке толмаған оқушылардың тағы біреуі көз жұмды. 06.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-06T08:00+0500
2023-03-06T08:00+0500
2023-08-10T11:59+0500
ақтөбе облысы
жол апаты
https://sputnik.kz/img/1274/79/12747983_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_f2d4fd21cee03c37bcfd3e863164b4f0.jpg
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысында жол апатына түскен кәмелетке толмаған оқушылардың тағы біреуі көз жұмды.Шалқар қаласының 9 сынып оқушысы ауыр бас ми жарақатын алған. Комада жатқан қыз 5 наурызда сағат 18.30-да көз жұмды, деп хабарлайды Ақтөбе облыстық әкімдігі.15 жастағы екі оқушы Ақтөбе қаласындағы ана мен бала денсаулығын қорғау орталығына жеткізілді. Олардың бірінің жамбас сүйегі, екіншісінің балтыры бірнеше жерден сынған. Жасөспірімдер дәрігерлердің бақылауында. Тағы бір оқушы үйге амбулаториялық ем алуға жіберілді.Ақтөбе облысы полиция депатаменті тоғызыншы сыныптың оқушысы көлікті ағасынан рұқсатсыз алғанын хабарлаған.Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбе облысында кәмелет жасқа толмаған балалар джип рөліне отырып, аударылды. Оқиға орнында жасөспірім қыз қайтыс болды.
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1274/79/12747983_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_212bc6f3dcbf113efde67192251c075c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе облысы, жол апаты
Ақтөбе облысында оқушылар мінген джип аударылды: тағы бір оқушы көз жұмды
08:00 06.03.2023 (жаңартылды: 11:59 10.08.2023) АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысында жол апатына түскен кәмелетке толмаған оқушылардың тағы біреуі көз жұмды.
Шалқар қаласының 9 сынып оқушысы ауыр бас ми жарақатын алған. Комада жатқан қыз 5 наурызда сағат 18.30-да көз жұмды, деп хабарлайды Ақтөбе облыстық әкімдігі.
15 жастағы екі оқушы Ақтөбе қаласындағы ана мен бала денсаулығын қорғау орталығына жеткізілді. Олардың бірінің жамбас сүйегі, екіншісінің балтыры бірнеше жерден сынған. Жасөспірімдер дәрігерлердің бақылауында. Тағы бір оқушы үйге амбулаториялық ем алуға жіберілді.
Ақтөбе облысы полиция депатаменті тоғызыншы сыныптың оқушысы көлікті ағасынан рұқсатсыз алғанын хабарлаған.