Америкалықтардың Путинге қатысты пікірі өзгерді ме?

© Sputnik / Павел Бедняков / Медиабанкке өтуПослание президента РФ Владимира Путина Федеральному собранию
Послание президента РФ Владимира Путина Федеральному собранию - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2023
Жазылу
АҚШ-та сайлау алдындағы шиеленіс артып жатыр. Ақ үйдің қазіргі иесі Джо Байденге де, экс-президент Дональд Трампқа да америкалықтардың көңілі толып отырған жоқ, деп жазды РИА Новости.
The American Thinker басылымы "біздің елдің азаматтары көшбасшы орнында Путин секілді азаматтың болғанын қалайды" деп жазды. Беделді интернет-ресурс русофобиялық үгіт-насихатқа қарамастан қарапайым америкалықтар арасында Ресей президентінің беделі артып жатқанын мәлімдеді: "Оның көзге ұрып тұрған жауынгершілігінен америкалықтар біздің билікке қарағанда Путиннің өз елі мен халқына әлдеқайда үлкен қамқорлық танытып отырған адам мен көшбасшы екенін көре бастады".
American Thinker консервативті басылым болса, либералды британиялық Guardian да осы тектес мазмұнда материал жариялады. Консервативті саяси іс-қимылдар конференциясында америкалықтар қайта-қайта Путин мен Байденді салыстырып, демократиялық партиядағы соғысты арандатып отырғандарды өткір сынға алды және Украинаға әскери қару-жарақ жөнелту мен қаржылық қолдау көрсетуді доғаруды талап етті.
"Ресейлік көшбасшыға қатысты пікірдің аяқасты өзгеруіне не себеп? Мұнда бір астыртын жоспар жатқан секілді көрінуі мүмкін. Себебі Кеңес одағын ыдыратуға күш салып жатқанда америкалық БАҚ-тың оларды асыра мақтағаны әлі ұмытылған жоқ. Бірақ қазір бәрі керісінше. Ресми англосаксондық БАҚ-та Путин әлі де жауыз ретінде сипатталады. Ал АҚШ-тағы қарапайым халықтың Ресей президентіне оң көзқарас таныта бастауына оның Ресейдің дұшпандарына қатысты қатаң ұстанымы себеп болып отыр", - деп жазды мақала авторы.
Бір апта бұрын Ресей стратегиялық ядролық қару-жарақты шектеу туралы келісімге қатысуды уақытша тоқтатқаны туралы ресми мәлімдеді. Ресейдің стратегиялық серіктестері бұл шешімге қатысты әлі нақты әрекет қабылдаған жоқ.
Есесіне америкалықтардың Ресей билігінің Ақ үйден украин дағдарысына араласпауды талап етуінің бос сөз емес екеніне көзі жетті. Бірақ АҚШ билігі бұл әрекеттер үшін миллиондаған америкалықтың өміріне қауіп төніп тұрғанын елеместен, Украинаға қолдау көрсетуді жалғастырып жатыр. Зеленскийдің америкалықтар өз ұл-қыздарын Украина үшін жан тапсыруға соғысқа жіберуге мәжбүр болатыны туралы мәлемдемесі жағдайды ушықтыра түсті.
Сондықтан қарапайым америкалықтар жағдай ушықса, ядролық соғыс ақиқатқа айналатынын анық түсіне бастады. Олардың Путин секілді президентті қалайтынын әлеуметтік желілерде ашық білдіруіне осы фактор да әсер етті.
Автор жазғандай, Ресейдің стратегиялық ядролық қару-жарақты шектеу туралы келісімге қатысуды уақытша тоқтатқаны туралы ресми мәлімдемесі америкалық іздеу жүйелерінде "Ресей иелігінде қанша стратегиялық зымыран бар" және "Ресей зымырандары АҚШ-қа қанша уақытта жетеді" деген сұраныс көп жасалғаны тіркелді.
Мақала авторының пікірінше, ресейлік либералдар Ресейдің жауынгершілігі оны бүкіл мемлекетпен араздастырады деп дабыл қағып келді. Бірақ тап қазіргі жағдай қоғам пікірінің мүлде басқа бағытқа өзгергенін көрсетіп тұр.
АҚШ-тың Хиросима, Нагасакиге ядролық қару тастап, өз күшін көрсетуі оның алдында басқа мемлекеттердің бас июіне алып келді. Ресейге дәл солай қатыгездік әрекетке барудың қажеті жоқ. Тек стратегиялық ядролық қару-жарақты шектеу туралы келісімге қатысуды уақытша тоқтататыны туралы мәлімдеуі жеткілікті болды.
Newsmax телеарнасы Дмитрий Медведевтің Ресейдің стратегиялық ядролық қару-жарақты шектеу туралы келісімге қатысуды уақытша тоқтатқаны туралы сөзін жариялады. Телеарна оның "Ресейдің кез келген соның ішінде ядролық қарумен де өзін қорғауға құқығы бар" екені туралы ойымен бөлісті.
Жаңалықтар
0