Алматылық кәсіпкер: қызғалдақ – нәзік гүл, біздікілер мұны әлі түсінген жоқ

© Sputnik / Айдана ДайыроваОлжас Серікұлы жылыжайда қызғалдақ өсірумен 6 жылдан бері айналысып келеді
Олжас Серікұлы жылыжайда қызғалдақ өсірумен 6 жылдан бері айналысып келеді - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 6 наурыз – Sputnik. Алматыда 8 наурыз қарсаңында қызғалдаққа сұраныс күрт артқан, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Көктемде гүлмен айналысатын кәсіпкерлердің асығы алшысынан түседі. Соның бірі – Олжас Серікұлы. Ол жылыжайда қызғалдақ өсірумен 6 жылдан бері айналысып келеді. Маусымдық кәсіп болса да ерінбеген адам үшін берер пайдасы мол, дейді ол.
© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматыда 8 наурыз қарсаңында қызғалдаққа сұраныс артты
Алматыда 8 наурыз қарсаңында қызғалдаққа сұраныс артты    - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2023
Алматыда 8 наурыз қарсаңында қызғалдаққа сұраныс артты
"Көктем мерекесінде қызғалдақтың 70-80% сатылып кетеді. Ал раушанның сатылымы небәрі 15-20% болады. Жыл сайын нарық 20%-ға өседі. Біз биыл 30 мыңнан астам қызғалдақ өсірдік, келесі жылы миллион қызғалдақ өсіруді жоспарлап отырмыз. Жыл сайын Голландиядан 20 миллионнан астам дайын қызғалдақ әкелінеді. Бұл біздің ішкі нарықты өзіміз қамтамасыз ету үшін өсу әлеуетіміз бар екенін көрсетеді", – дейді Олжас Серікұлы.
Олжас Серікұлының айтуынша, Алматыда гүл өсірумен айналысатын жеке кәсіпкерлер көп. Өйткені қызғалдақ өсірудің алып бара жатқан қиындығы жоқ. Ниеті барларды үйретуге дайынмын дейді ол.
© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматыда 8 наурыз қарсаңында қызғалдаққа сұраныс артты
Алматыда 8 наурыз қарсаңында қызғалдаққа сұраныс артты    - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2023
Алматыда 8 наурыз қарсаңында қызғалдаққа сұраныс артты
"Осы еңбекпен айналысқысы келетіндерді оқытуға дайынмын. Егер сізде 300 шаршы метр жер болса, неге жылыжай салмасқа?", - дейді ол.
Олжас Серікұлының пікірінше, Қазақстанда өсетін және әкелінетін қызғалдақтардың арасында айырмашылық бар.
"Голландиялықтар негізінен әлі жетілмеген қызғалдақты жинайды, олар жұқа, нәзік, кішкентай. Олар мұндай қызғалдақты жақсы көреді. Ал біздікілер 60-70 сантиметрлік, үлкен қызғалдақты жақсы көреді, олар гибридті-селекциялық жолмен өсіріледі. Шын мәнінде, қызғалдақ – жақсы иісі бар нәзік, кішкентай гүл. Біздікілер мұны әлі түсінген жоқ", - дейді кәсіпкер.
© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматыда 8 наурыз қарсаңында қызғалдаққа сұраныс артты
Алматыда 8 наурыз қарсаңында қызғалдаққа сұраныс артты    - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2023
Алматыда 8 наурыз қарсаңында қызғалдаққа сұраныс артты
Олжас Серікұлы келесі жылы миллион тал қызғалдақ өсіруді жоспарлап отыр.
Айта кетейік, Қазақстанға соңғы 2 айда шетелден салмағы 1,3 мың тонна болатын, 9,5 миллион доллардың гүлі әкелінген.
"799 тонна раушан әкелінді. Екінші орында – хризантема, үшінші орында – қалампыр", - деп атап өтті қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
192 мың доллар тұратын 35 тонна лалагүл, 377 тонна қызғалдақ, линолий, гипсофила, феникс, ирис, гортензия және басқа да экзотикалық гүлдер импортталды. Бұлардың құны 2,2 млн болады.
© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматыда 8 наурыз қарсаңында қызғалдаққа сұраныс артты
Алматыда 8 наурыз қарсаңында қызғалдаққа сұраныс артты    - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2023
Алматыда 8 наурыз қарсаңында қызғалдаққа сұраныс артты
Гүлдер Эквадордан, Нидерландыдан, Колумбиядан, Кениядан, Израильден, Өзбекстаннан, Қытайдан және Түркиядан әкелінген.
Былтыр дәл осы уақытта Қазақстанға 8,3 миллион долларға мың тонна гүл әкелінген. Өткен жылы шетелде қазақстандық раушандар сұранысқа ие болып, Өзбекстанға құны 94 мың доллар тұратын 25 тонна гүл экспортталды.
Жаңалықтар
0