Шавкат Рахмонов UFC жекпе-жегінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

© Photo : InstagramInstagram недели: дебютант UFC Шавкат Рахмонов
Instagram недели: дебютант UFC Шавкат Рахмонов - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Қазақстандық Шавкат Рахмонов Лас-Вегаста өткен UFC аралас жекпе-жек турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Рахмонов америкалық Джефф Нилді үшінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңді.
Бұл оның UFC-дегі бесінші жекпе-жегі.
Осылайша Шавкат Рахмонов кәсіпқой мансабындағы он жетінші жеңісіне қол жеткізді. Ол әлі күнге дейін бірде-бір рет жеңілген жоқ.
Ал Джефф Нил бесінші мәрте қарсыластарына есе жіберіп отыр.
Жекпе-жектен кейін Рахмонов барлық қазақстандыққа және елімізде спортты дамытып жатқандарға алғыс айтты.
Шавкат Рахмонов - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2022
Шавкат Рахмонов MMA рейтингінде үздік ондықтан көрінді
Жаңалықтар
0