https://sputnik.kz/20230305/aqtobede-oblysynda-lokomotiv-pen-zholaushylar-poyyzy-soqtygysty---video-32678242.html
Ақтөбе облысында локомотив пен жолаушылар пойызы соқтығысты
Ақтөбе облысында локомотив пен жолаушылар пойызы соқтығысты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысында локомотив жолаушылар пойызына соғылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 05.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-05T12:56+0500
2023-03-05T12:56+0500
2023-03-05T13:00+0500
пойыз
ақтөбе облысы
https://sputnik.kz/img/07e7/03/05/32677935_0:296:768:728_1920x0_80_0_0_ee669e19e18bc228e5e02e21390b7ecf.jpg
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысында локомотив жолаушылар пойызына соғылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бұл оқиға бүгін таңертең болған. Біршоғыр станциясында маневрлік локомотив "Бішкек-Самара" бағытында қатынайтын жолаушылар пойызымен соқтығысқан.Қазіргі кезде оқиға орнында Шалқар станциясынан арнайы пойыз жіберілді. Мамандар жолды қалпына келтіру жұмыстарымен айналысады. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы арнайы комиссия құрды. Оқиғаның мән-жайы анықталады. Алдын ала болжамға сәйкес, маневрлік локомотив бригадасы қателік жасаған.Ал төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сәйкес, теміржолдағы апаттан кейін жолаушылар пойызының тепловозы, 1 вагоны және 2 вагонның үш доңғалақты жұбы рельстен шығып кетті. Пойызда 200-ден астам адам болған. Олардың ішінде Қырғызстан, Ресей және Қазақстан азаматтары бар. Ауруханаға жатқызылған ешкім жоқ.Министрлік пен жергілікті департаменттің жедел штабтары құрылды.
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/05/32677935_0:224:768:800_1920x0_80_0_0_0a8d815e14311d000356d8ff0f8ab88c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
пойыз, ақтөбе облысы
Ақтөбе облысында локомотив пен жолаушылар пойызы соқтығысты
12:56 05.03.2023 (жаңартылды: 13:00 05.03.2023) АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысында локомотив жолаушылар пойызына соғылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Бұл оқиға бүгін таңертең болған. Біршоғыр станциясында маневрлік локомотив "Бішкек-Самара" бағытында қатынайтын жолаушылар пойызымен соқтығысқан.
"Зардап шеккендер жоқ. Жолаушылар пойыз құрамындағы басқа вагондарға ауыстырылды", - делінген "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының ресми хабарламасында.
Қазіргі кезде оқиға орнында Шалқар станциясынан арнайы пойыз жіберілді. Мамандар жолды қалпына келтіру жұмыстарымен айналысады. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы арнайы комиссия құрды. Оқиғаның мән-жайы анықталады. Алдын ала болжамға сәйкес, маневрлік локомотив бригадасы қателік жасаған.
Ал төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сәйкес, теміржолдағы апаттан кейін жолаушылар пойызының тепловозы, 1 вагоны және 2 вагонның үш доңғалақты жұбы рельстен шығып кетті. Пойызда 200-ден астам адам болған. Олардың ішінде Қырғызстан, Ресей және Қазақстан азаматтары бар. Ауруханаға жатқызылған ешкім жоқ.
Министрлік пен жергілікті департаменттің жедел штабтары құрылды.