Алматыда құрылыс компаниясының басшысы қамауға алынды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Алматы қаласында "Үш қоңыр" мен "Весновка" тұрғын үй кешендерін салуға уәде берген құрылыс компаниясының басшысы ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық прокуратураға сілтеме жасап.
Полицияға екі тұрғын үйге ақша салған үлескерлерінің ұжымдық арызы түскен. Соның негізінде Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер прокуратурадан құрылыс компаниясының басшысын ұстауға санкция беруді сұрады.
"Алматы қаласының прокуратурасы тергеу органының "Lider Group Consalt" ЖШС директоры мен бірқатар тұлғаларын күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхатын қолдады", - делінген ресми хабарламада.
Тергеу соты барлығын 2 ай күзетпен ұстауға санкция берді. Прокуратура істі тергеу шараларын бақылауға алды.
Айта кетері, ұсталғандар аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін айыпталып отыр. Осы қылмыс үшін бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамдардың мүлкі тәркіленеді.
Жаңалықтар
0