https://sputnik.kz/20230304/qazaqstannyn-kredittik-reytingine-baga-berildi-32664410.html
Қазақстанның кредиттік рейтингіне баға берілді
Қазақстанның кредиттік рейтингіне баға берілді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Standard&Poor's халықаралық рейтингтік агенттігі "BBB-/А-3" деңгейінде Қазақстанның дербес кредиттік рейтингін растап, болжамды... 04.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-04T08:00+0500
2023-03-04T08:00+0500
2023-03-04T08:00+0500
кредит
https://sputnik.kz/img/671/89/6718987_0:139:3151:1911_1920x0_80_0_0_3e90b651cc4832253d78be51ccd0cc77.jpg
АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Standard&Poor's халықаралық рейтингтік агенттігі "BBB-/А-3" деңгейінде Қазақстанның дербес кредиттік рейтингін растап, болжамды "негативтен" "тұрақтыға" жақсартты. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды.Қазақстанның рейтингін қолдайтын маңызды факторлар – ел экономикасының тұрақты фискалдық және сыртқы теңгерімдері. Бұл ретте өтімді сыртқы активтерінің болуы Қазақстанның фискалдық тұрақтылығына оң әсерін тигізеді.S&P өз есебінде елдің фискалдық және сыртқы теңгерімдері тұрақты болып қала беретінін және Каспий құбыр консорциумы (КҚК) жұмысындағы уақытша іркілістерге байланысты мұнай экспортының төмендеуінен туындайтын ықтимал әсерді жеңілдету үшін жеткілікті болатынын атап көрсеткен.Сондай-ақ сарапшылар үкімет жүргізіп жатқан тиімді макроэкономикалық саясатты атап өтті. Нақтылай айтқанда, үкіметтің макроэкономикалық саясаты инвестициялық бағдарламалар арқылы экономиканы әртараптандыруға, инвестициялық ахуалды жақсартуға, мемлекеттің қатысуын қысқартуға, бәсекелестікті дамытуға, салық саясатын жетілдіруге, мемлекеттік сатып алу саласын реформалауға, сондай-ақ бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған.Агенттік сарапшыларының пікірінше, мұнай емес сектордағы тұрақты өсім шетелдік инвестицияларды тарту бойынша қабылданып жатқан шаралармен де қолдау табады.Жалпы, S&P Қазақстан экономикасының 2023 жылы 4,1% және 2023-2026 жылдары орта есеппен 4% өсуін болжайды.ҚР Үкіметі инвестициялық сенімділік деңгейінде дербес рейтингті сақтау бойынша қарқынды жұмысты жалғастырад
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/671/89/6718987_209:0:2940:2048_1920x0_80_0_0_abd536f2f4f222fd73cd4dbc9d519613.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кредит
АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Standard&Poor's халықаралық рейтингтік агенттігі "BBB-/А-3" деңгейінде Қазақстанның дербес кредиттік рейтингін растап, болжамды "негативтен" "тұрақтыға" жақсартты. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазақстанның рейтингін қолдайтын маңызды факторлар – ел экономикасының тұрақты фискалдық және сыртқы теңгерімдері. Бұл ретте өтімді сыртқы активтерінің болуы Қазақстанның фискалдық тұрақтылығына оң әсерін тигізеді.
S&P өз есебінде елдің фискалдық және сыртқы теңгерімдері тұрақты болып қала беретінін және Каспий құбыр консорциумы (КҚК) жұмысындағы уақытша іркілістерге байланысты мұнай экспортының төмендеуінен туындайтын ықтимал әсерді жеңілдету үшін жеткілікті болатынын атап көрсеткен.
Сондай-ақ сарапшылар үкімет жүргізіп жатқан тиімді макроэкономикалық саясатты атап өтті. Нақтылай айтқанда, үкіметтің макроэкономикалық саясаты инвестициялық бағдарламалар арқылы экономиканы әртараптандыруға, инвестициялық ахуалды жақсартуға, мемлекеттің қатысуын қысқартуға, бәсекелестікті дамытуға, салық саясатын жетілдіруге, мемлекеттік сатып алу саласын реформалауға, сондай-ақ бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған.
Агенттік сарапшыларының пікірінше, мұнай емес сектордағы тұрақты өсім шетелдік инвестицияларды тарту бойынша қабылданып жатқан шаралармен де қолдау табады.
Жалпы, S&P Қазақстан экономикасының 2023 жылы 4,1% және 2023-2026 жылдары орта есеппен 4% өсуін болжайды.
ҚР Үкіметі инвестициялық сенімділік деңгейінде дербес рейтингті сақтау бойынша қарқынды жұмысты жалғастырад