Байденге ота жасалды

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуДжо Байден
Джо Байден - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2023
Жазылу
Бұл туралы Байденнің емдеуші дәрігері Кевин О'Коннор хабарлады
АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. 16 ақпанда дәрігерлер АҚШ президенті Джо Байденнің кеудесіндегі теріден кішкентай қатерлі ісікті алып тастады.
"Биопсия оның негіздік жасушалық карцинома (қатерлі ісік – Sputnik) екенін растады", - дейді дәрігер.
Оның айтуынша, қатерлі ісіктің бұл түрі әдетте метастаз бермейді, яғни дененің басқа жеріне таралмайды. Байденді одан әрі емдеу қажет емес – тек бақылауда болады.
Операциядан кейін О'Коннор Байденнің АҚШ президенті қызметін одан әрі жалғастыра алатынын мәлімдеді.
Байден Ақ үйде Германия канцлері Шольцпен кездесіп, оған ресейлік арзан энергия тасымалдаушылардан бас тартқаны үшін алғыс айтты.
Ол Ұлыбританиядағы Карл III-тің таққа отыру рәсіміне бармауы мүмкін.
Айта кетері, 2015 жылы АҚШ президентінің ұлы Бо Байден 46 жасында ми ісігінен қайтыс болды.
Жаңалықтар
0