Арал теңізінің деңгейі көтерілді

© Sputnik / Медиабанкке өтуАрал теңізінің жағасы
Арал теңізінің жағасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Арал теңізінің деңгейі жарты метрге көтерілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Қызылорда облысының әкімдігіне сілтеме жасап.
Қазіргі таңда теңіздегі су деңгейі 48 сантиметрге дейін көтерілді. Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Зейнулла Қазтоғановтың айтуынша, бұған дейін Солтүстік Арал теңізіне жиналған су көлемі 27,0 млрд текше метрден 18,5 млрд текше метрге азайып, су деңгейі 40,42 мБЖ (метр Балтық жүйесімен) дейін төмендеген болатын.
"2022 жылдың қазан айынан бастап теңіздегі су деңгейі 40,90 мБЖ, немесе 48 см дейін көтеріліп, жиналған су көлемі 19,7 млрд текше метрге ұлғайды", - дейді Қазтоғанов.
Былтыр Арал теңізіне 816 млн м3 су түссе, биыл екі айдың өзінде 803 млн м3 түсті.
Мәулен Әшімбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2022
Өңірлер
"Үлкен апат болады": сенат төрағасы шұғыл 5 млрд теңге табу қажеттігін мәлімдеді
Жаңалықтар
0