Ақтөбе облысында жол апатынан шетелдік азамат көз жұмды

© Sputnik / Абзал КалиевМигалки на полицейской машине
Мигалки на полицейской машине  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 4 наурыз — Sputnik. Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан шетелдік азамат қаза тапты, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.
Жол апаты 3 наурызында Ырғыз ауданының Қалыбай ауылының маңында Самара-Шымкент автожолында болды. Жолда Volvo маркалы автокөлік пен DAF жүк көлігі соқтығысқан.
DAF автокөлігінің жүргізушісі, Тәжікстан Республикасының азаматы, оқиға орнында көз жұмды.Сотқа дейінгі тергеу басталды және жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталуда.
Жаңалықтар
0