"7-20-25" бағдарламасы: ипотека алған адамдардың саны жарияланды

© Sputnik / Нина Зотина / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Ұлттық банк "7-20-25" бағдарламасы бойынша ипотека алған адамдардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, 2 наурызға дейін "7-20-25" бағдарламасы бойынша 894,9 млрд теңге игерілді. Барлығы 66 865 адамға ипотека берілді.
© Photo : Ұлттық банктің баспасөз қызметі"7-20-25" бағдарламасы бойынша 894,9 млрд теңге игерілді
7-20-25 бағдарламасы бойынша 894,9 млрд теңге игерілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2023
"7-20-25" бағдарламасы бойынша 894,9 млрд теңге игерілді
Өтінімдердің басым бөлігі үш қалада мақұлданды. Олар:
Астана – 23 777 адам (370,7 млрд теңге);
Алматы – 13 285 адам (203,7 млрд теңге);
Шымкент – 5 109 адам (62,1 млрд теңге).
Айта кетері, бағдарлама 2018 жылы іске қосылды. Жұмыс істейтін азаматтарды 20%-тен бастап алғашқы жарнамен жылдық 7% жеңілдетілген мөлшерлеме бойынша ипотекамен қамтамасыз етуге арналған. Несие уақыты – 25 жылға дейін.
2023 жылы "7-20-25" бағдарламасына 100 миллиард теңге бөлініп отыр.
Жаңалықтар
0