Теміртауда ер адам бесінші қабаттан секірмек болды – видео

© Sputnik / Алексей МальгавкоАрхивтегі фото
Архивтегі фото   - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Теміртау қаласының тұрғыны бес қабатты үйдің төбесінен секірмек болды. Оны полицейлер ұстап қалған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Қалалық полиция басқармасына үйдің төбесінде ер адам отырғаны туралы хабар түскен. Ол жерге бірден жақын жүрген екі экипаж барды. Ер адам полицейлерге жақындамаңдар, әйтпесе секіремін деп айқайлаған.
"Мұндай жағдайда адамның көңілін аулап, әңгімеге тарту керек. Әріптесім екеуміз одан не болғанын сұрап, қандайда бір көмек керек пе деген сауалдар қойдық. Сөйтсек, ол әйелімен ұрсысып қалған. Одан кейін осындай шешімге келген. Біз оның жұбайымен телефон арқылы сөйлесіп, оны кешіргенін және үйіне баруға болатынын айттық", – дейді взвод командирі Сүйіндік Иманғалиев.
Полицейлер ер адаммен сөйлесіп жатқанда инспекторлар Нұрлан Серік пен Рүстем Елеукен бесінші қабатқа көтеріліп, білдіртпей артынан ұстап алды. Сосын ішке кіргізді. Оны медициналық тексерістен өткізгеннен кейін оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында полиция бөліміне жеткізді.
Жаңалықтар
0