https://sputnik.kz/20230303/internet-arqyly-gashyq-bolgan-astanalyq-suyiktisine-91-mln-tenge-zhiberdi--er-adam-sottaldy-32651842.html
Интернет арқылы ғашық болған астаналық сүйіктісіне 91 млн теңге жіберді – ер адам сотталды
Интернет арқылы ғашық болған астаналық сүйіктісіне 91 млн теңге жіберді – ер адам сотталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Астанада интернет арқылы ғашық болған әйел сүйіктісіне 90 миллион теңгеден астам ақшаны жібере салған. Бірақ ер адам алаяқ болып... 03.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-03T13:56+0500
2023-03-03T13:56+0500
2023-03-03T13:56+0500
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:125:1201:800_1920x0_80_0_0_4e603bb753a4668d5fe23d1c8b5be3d8.jpg
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Астанада интернет арқылы ғашық болған әйел сүйіктісіне 90 миллион теңгеден астам ақшаны жібере салған. Бірақ ер адам алаяқ болып шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Астана қаласының сотына сілтеме жасап. Екеуі әлеуметтік желіде танысқан. Ер адам жаңа танысын бірден ұнатып қалғанына сендірді. Ал өзін зауыт директоры ретінде таныстырды. Бірақ кәсіпорын банкроттық сатыда тұрғанын айтты. Сосын жақын туыстарының қайтыс болғанын хабарлап, ақшаға қатты мұқтаж екенін жеткізді. Әйел оған сеніп қалды. Сөйтіп, сүйіктісі ақшаны сұраған сайын онлайн-банкинг арқылы аударып отырды. Барлығы 91,6 миллион теңге жіберген. Алаяқ ұсталды. Ер адам бес баланың әкесі болып шықты. Соттың шешімімен 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Жәбірленушінің пайдасына 91 миллион теңгеден астам ақша өндірілді. Сотталған ер адам апелляциялық шағым да түсірген. Сол кезде кәмелетке толмаған 5 баланың бар екенін, зайыбының жұмыс істемейтінін, сондай-ақ денсаулық жағдайын ескеріп, жазаны жеңілдетуді сұрады. Бірақ сот үкімі өзгеріссіз қалды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_6126eb18119694686f95d89e748fc25a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқтық
Интернет арқылы ғашық болған астаналық сүйіктісіне 91 млн теңге жіберді – ер адам сотталды
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Астанада интернет арқылы ғашық болған әйел сүйіктісіне 90 миллион теңгеден астам ақшаны жібере салған. Бірақ ер адам алаяқ болып шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Астана қаласының
сотына сілтеме жасап.
Екеуі әлеуметтік желіде танысқан. Ер адам жаңа танысын бірден ұнатып қалғанына сендірді. Ал өзін зауыт директоры ретінде таныстырды. Бірақ кәсіпорын банкроттық сатыда тұрғанын айтты. Сосын жақын туыстарының қайтыс болғанын хабарлап, ақшаға қатты мұқтаж екенін жеткізді. Әйел оған сеніп қалды. Сөйтіп, сүйіктісі ақшаны сұраған сайын онлайн-банкинг арқылы аударып отырды. Барлығы 91,6 миллион теңге жіберген.
Алаяқ ұсталды. Ер адам бес баланың әкесі болып шықты. Соттың шешімімен 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Жәбірленушінің пайдасына 91 миллион теңгеден астам ақша өндірілді.
Сотталған ер адам апелляциялық шағым да түсірген. Сол кезде кәмелетке толмаған 5 баланың бар екенін, зайыбының жұмыс істемейтінін, сондай-ақ денсаулық жағдайын ескеріп, жазаны жеңілдетуді сұрады. Бірақ сот үкімі өзгеріссіз қалды.