Астанада жеке куәлік пен төлқұжатты терминал арқылы шығарып алуға болады

© PhotoАстанадағы ХҚКО-да құжаттандыру терминалы іске қосылды
Астанадағы ХҚКО-да құжаттандыру терминалы іске қосылды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 3 наурыз — Sputnik. Астанадағы халыққа қызмет көрсету орталығында атоматтандырылған өз-өзіне қызмет көрсету терминалы орнатылды. Ол жерде жеке куәлік пен төлқұжатты бастырып алуға болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігінің ведомстволық сайтына сілтеме жасап.
Терминалда биометриялық жүйе мен фотосуретке түсіру функциясы бар. Пилоттық жоба аясында жаңа ХҚКО-да төрт бірдей терминал іске қосылды.
Құрылғының көмегімен тек өтініш беріп қана қоймай, дерекқордағы фотосурет бойынша жеке басты сәйкестендіріп, QR-кодпен төлем жасауға болады.
Терминал арқылы құжат алу тәртібі:
ЖСН және ұялы телефон нөмірін енгізу;
суретке түсіру және қол қою;
экрандағы QR-кодты пайдаланып, мемлекеттік бажды төлеу;
SMS арқылы қолхат алу;
көші-қон қызметінің қызметкеріне өтінім нөмірін дайындау үшін көрсету.
"Ұялы телефон нөміріңізді мобильді азаматтар базасына тіркеу қажет, бірақ мұны өтінімді ресімдеу кезінде де жасауға болады", - дейді мамандар.
Осы бастама жеке құжаттарды ресімдеу уақытын барынша қысқартуға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді деп жоспарланып отыр.
Жаңалықтар
0