https://sputnik.kz/20230303/aqtau-akimine-ne-ushin-ayyppul-salyngany-belgili-boldy-32642742.html
Ақтау әкіміне айыппұлдың не үшін салынғаны белгілі болды
Ақтау әкіміне айыппұлдың не үшін салынғаны белгілі болды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Ақтау қаласының әкімдігі жеке меншік фирмаға тиесілі жердің нысаналы мақсаты не себепті уақытында өзгертілмегенін түсіндірді. Сол... 03.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-03T10:01+0500
2023-03-03T10:01+0500
2023-08-10T16:53+0500
әкім
айыппұл
ақтау
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/03/28135986_0:0:800:450_1920x0_80_0_0_cbb6a42974a187f7b7a3a93bb626ddfb.jpg
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Ақтау қаласының әкімдігі жеке меншік фирмаға тиесілі жердің нысаналы мақсаты не себепті уақытында өзгертілмегенін түсіндірді. Сол үшін қала әкіміне айыппұл салынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Лада" порталына сілтеме жасап. 2020 жылы қазан айында "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы "Каспий Кетік Құрылыс" ЖШС-іне Ақтау қаласындағы 9-шы шағын ауданда жер учаскесін сенімді басқаруға берген. Оны сатып алуға да рұқсат берілді. Артынан жеке меншік фирма жердің нысаналы мақсатын ауыстыруды сұрады. Бас кезінде шаруашылық блок орналасады деген, сосын тұрғын үй кешенін салуға шешім қабылданды. Бірақ әкімдік учаскенің нысаналы мақсатын өзгертпеді. Ал құрылыс компаниясы әкімді сотқа берді. 2022 жылы қыркүйек айында сот әкімді жер учаскесінінің нысаналы мақсатын өзгертуге міндеттеді. Бірақ шешім орындалмады. Әкімдік сот шешімін орындамаудың себебін түсіндірді. Айта кетері, Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Ақтау қаласының әкімі Ербол Ізбергеновқа сот шешімін орындамағаны үшін 50 АЕК мөлшерінде, яғни, 172 500 теңге көлемінде айыппұл салынды. Оны 5 күн ішінде төлеуі тиіс. Ал сот шешімі 10 күн ішінде орындалуы шарт. Оны істемесе, 60 АЕК-ке көлемінде тағы айыппұл салынады.
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/03/28135986_77:0:677:450_1920x0_80_0_0_926351e7420d346c5f3bc060004cbcd7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әкім, айыппұл, ақтау
Ақтау әкіміне айыппұлдың не үшін салынғаны белгілі болды
10:01 03.03.2023 (жаңартылды: 16:53 10.08.2023) АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Ақтау қаласының әкімдігі жеке меншік фирмаға тиесілі жердің нысаналы мақсаты не себепті уақытында өзгертілмегенін түсіндірді. Сол үшін қала әкіміне айыппұл салынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
"Лада" порталына сілтеме жасап.
2020 жылы қазан айында "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы "Каспий Кетік Құрылыс" ЖШС-іне Ақтау қаласындағы 9-шы шағын ауданда жер учаскесін сенімді басқаруға берген. Оны сатып алуға да рұқсат берілді. Артынан жеке меншік фирма жердің нысаналы мақсатын ауыстыруды сұрады.
Бас кезінде шаруашылық блок орналасады деген, сосын тұрғын үй кешенін салуға шешім қабылданды. Бірақ әкімдік учаскенің нысаналы мақсатын өзгертпеді. Ал құрылыс компаниясы әкімді сотқа берді. 2022 жылы қыркүйек айында сот әкімді жер учаскесінінің нысаналы мақсатын өзгертуге міндеттеді. Бірақ шешім орындалмады. Әкімдік сот шешімін орындамаудың себебін түсіндірді.
"Әкімдік бірнеше маңызды мәселені ескерді. Үйлердің арасында тағы бір тұрғын-үй кешені салынса, инженерлік желілерге (су, жылу, электр энергиясы және тағы басқа) түсетін жүктеме артады. Бұдан бөлек, инфрақұрылымды ұйымдастыру, яғни, тұрақ орындары мен балаларға арналған ойын алаңдары жағынан проблема туындайды. Шағын ауданда көлік кептелісі күшейеді. Сосын 9-шағын ауданының тұрғындары да құрылысқа қарсы болды", - дейді мамандар.
Айта кетері, Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Ақтау қаласының әкімі Ербол Ізбергеновқа сот шешімін орындамағаны үшін 50 АЕК мөлшерінде, яғни, 172 500 теңге көлемінде айыппұл салынды. Оны 5 күн ішінде төлеуі тиіс.
Ал сот шешімі 10 күн ішінде орындалуы шарт. Оны істемесе, 60 АЕК-ке көлемінде тағы айыппұл салынады.