Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Америкалықтар Украинаға көмекті доғаруды талап етіп жатыр

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуБелый дом в Вашингтоне
Белый дом в Вашингтоне - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2023
Жазылу
Республикашылдар Украинаға қару-жарақ жеткізу мәселесінде екіге жарылды. Дональд Трамп бастаған оқшауланушылар Ақ үйден Киевке көмектесуді тоқтатуды талап етті, ал неоконсерваторлар осы талабы үшін оларды партиядан шығаруды ұсынды, деп жазды РИА Новости.
Мемлекеттік ұлттық бөлініске қарай бет бұрды, дейді республикашылдар атынан конгресс өкілдер палатасының мүшесі Марджори Тейлор Грин. Ол азаматтық соғыс болуы мүмкін деп есептейді және осының барлығына "шынайы америкалықтардан жырақ жүрген" қазіргі билікті кінәлады.
Оған және басқа партиялас әріптестеріне Байденнің Еуропаға сапары, оның Киевке баруы және "Бухарест тоғыздығының" жетекшілерімен кездесуі ұнамады. Республикашылдар Украинаның проблемалары президентті өз елінің мәселесінен көбірек алаңдатып отырғанына наразы.
Атап айтқанда, депутат Кевин Херн Байденнің Киевте болғанын, бірақ теміржол апаты салдарынан улы заттар топырақ пен атмосфераға енген Оклахома штатына бармағанын атап өтті. Марджори Тейлор Грин тіпті америкалықтар өз президентіне наразы екенін, өйткені ол Украина үкіметін олардан артық көретінін айтты. Пойыз рельстен шығып кеткен Шығыс Палестина қаласының мэрі Трент Конауэй Байденнің Еуропаға сапарын жергілікті тұрғындарға елемеушілік деп атады.
"Батыстағы кейбір БАҚ бұл жағдайды Өкілдер палатасындағы саны басым Республикалық партияның Вашингтонның Украинаға қару-жарақ жіберуін тоқтатуының белгісі ретінде қабылдады. Байденнен кейін Киевке Өкілдер палатасының халықаралық істер комитетінің төрағасы Майкл Макколл бастаған бес республикашыл шенеунік келді. Зеленский оларға Украина Қарулы күштеріне қажетті қару-жарақтың тізімін тапсырды. Атап айтқанда мұнда F-16 жойғыш ұшақтары мен 300 шақырымға жететін ATACMS зымыран кешендері бар", - деп жазды мақала авторы.
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Ақ үйдің қазіргі иесі Байден Ресеймен қақтығысты арандатып отыр деп есептейді. Екінші жағынан, АҚШ-тың БҰҰ-дағы бұрынғы тұрақты елшісі және Республикалық партиядан президенттікке екінші ресми үміткер Никки Хейли Вашингтон Украинаны қорғап отырмағанына, ол жеңілуге болмайтын "бостандық үшін соғыс" жүргізіп жатқанына сенімді.
Сонымен қатар президенттікке үміткер Флорида штатының губернаторы Рон Десантис билік Украинамен емес, өз елімен күресуі керек, ал АҚШ-қа нақты қауіп Ресей емес, Қытай деп санайды. Өз кезегінде бұрынғы вице-президент Майк Пенс "еркіндікті қорғауға" қарсы шыққандарға Республикалық партияда орын болмауы керек деп есептейді.
Сенаттағы республикалық азшылықтың жетекшісі Митч Макконнелл Мюнхен конференциясында сөйлеген сөзінде партияішілік күрес оңай болмайтынын, бірақ украиналықтарға қажетті қару-жарақ жеткізілетінін атап өтті. Дегенмен бір жыл бұрын мұндай мәселе туындаған жоқ. Дәл сол Десантис 2014 жылдан бері Киевтің қарулануын қолдап келді. Халықтың Украина дағдарысына деген көзқарасы өзгергендіктен, ол да өз ойын өзгерткен сыңайлы.
Associated Press-NORC Center for Public Affairs Research ақпан айында жүргізген сауалнамасына сәйкес, америкалықтардың тек 48%-і Украинаға қару жеткізуді мақұлдаса, 29%-і қарсы, 22%-і нақты шешімге келмеген. 2022 жылдың мамырында респонденттердің 60%-і Киев режиміне әскери көмек көрсетуді қолдады. Сонымен қатар FoxNews хабарлағандай, республикашылдардың 61%-і және тәуелсіз сайлаушылардың 49%-і Украинаны қолдаудың шексіз болғанын қаламайды.
Сонымен бірге, Quinnipiac University мәліметі бойынша, Республикалық партияны қолдаушылардың 42%-і Трампқа, 36%-і Десантиске дауыс беруге дайын. Хейлидің рейтингі – 6%, Майк Пенстікі – 4%.
РИА Новости сұхбат алған сарапшылар оқшаулаушылар мен неоконсерваторлар арасындағы текетірес үшін Украинаның жай сылтау болғанын, себебі бұл шиеленіс бұрыннан бар екенін айтты.
"Алайда мұны келісімге келу мүмкін емес мәселе деп айту қиын. Өйткені барлық республикашылдар ұлттық мүдделерді қорғап, америкалық басымдыққа қол жеткізуді қалайды. Тек кейбіреулері ішкі мәселелерге назар аударуға шақырса, басқалары әскери күшке сүйенеді", - деді Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Франклин Рузвельт атындағы АҚШ-ты зерттеу қорының директоры Юрий Рогулев.
РҒА Әлемдік экономика жэәне халықаралық қатынастар институты АҚШ-тың сыртқы және ішкі саясат секторының меңгерушісі Виктория Журавлева Украинаны одан әрі қаруландыруды жақтаушылар әлі де екі ойлы болып жүрген сайлаушыларды өз жағына тартуды көздейтінін айтты. "Мұндай электорат Киевті қолдауы қалайды, егер осы адамдар үшін күреспесе, онда олар демократтарға кеетіп қалады", - дейді ол.
Сарапшылар Украинадағы қақтығыс барлық кандидаттың сайлау науқанында маңызды рөл атқаратынына сенімді. Жалпы Демократиялық партияда да пікір қайшылығы бар. Мысалы, қазан айында 30 конгрессмен Байденнен бейбіт келіссөздер жүргізуді және Ресейге қарсы санкцияларды жеңілдетуді талап етті.
Жаңалықтар
0