https://sputnik.kz/20230302/shengen-vizasy-maselesi-euroodaq-qazaqstandy-qara-tizimge-engizgen-zhoq-32620465.html
Шенген визасы мәселесі: Еуроодақ Қазақстанды "қара тізімге" енгізген жоқ
Шенген визасы мәселесі: Еуроодақ Қазақстанды "қара тізімге" енгізген жоқ
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. 1 наурыздан бастап Қазақстан азаматтарына шенген визасын беру жағынан айтарлықтай өзгеріс болмайды. Бұл туралы Еуропалық одақтың... 02.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-02T13:32+0500
2023-03-02T13:32+0500
2023-03-02T13:35+0500
виза
https://sputnik.kz/img/343/04/3430478_0:501:3313:2364_1920x0_80_0_0_8dc0f49ab47b9034b84d7edc33ccc3b6.jpg
АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. 1 наурыздан бастап Қазақстан азаматтарына шенген визасын беру жағынан айтарлықтай өзгеріс болмайды. Бұл туралы Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Қазіргі ережеге сәйкес, шенген визасын беру туралы шешімді ЕО-ға мүше мемлекеттің тиісті консулдығы 15 күн ішінде қабылдайды. Ал өтінішті егжей-тегжейлі тексеру немесе қосымша құжат ұсыну қажет болса, бұл мерзім 45 күнге дейін ұзартылуы мүмкін. Бұл тәжірибе тек ерекше жағдайларда ғана ұлтына қарамастан, барлық өтініш берушіге бұрыннан бері қолданылып келеді. Қазақстан үшін қосымша консультациялар өткізу рәсімі енгізілді. Ондай рәсім жеті күнге дейін созылуы мүмкін. "Бұл консультациялар стандартты 15 күндік рәсім аясында жүргізіледі. Сондықтан өтініш берушілердің виза алу уақыты айтарлықтай ұзармайды", - дейді мамандар. Қосымша консультациялар – бірқатар елге қолданылатын және виза кодексімен реттелетін рәсім. Шенген аймағына мүше мемлекеттер оны бір-бірімен кеңесу үшін жүйелі түрде пайдаланып отырады. Шенген ақпараттық жүйесінде (SIS) "қара тізім" деген жоқ. Виза алу тәртібі бойынша жалпы ақпаратты көші-қон және ішкі істер жөніндегі бас директораттың веб-сайтынан табуға болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/343/04/3430478_0:190:3313:2674_1920x0_80_0_0_0f7bbe0b1d59e6ca0d6533d83da7ca81.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
виза
Шенген визасы мәселесі: Еуроодақ Қазақстанды "қара тізімге" енгізген жоқ
13:32 02.03.2023 (жаңартылды: 13:35 02.03.2023) АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. 1 наурыздан бастап Қазақстан азаматтарына шенген визасын беру жағынан айтарлықтай өзгеріс болмайды. Бұл туралы Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігі мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Қазіргі ережеге сәйкес, шенген визасын беру туралы шешімді ЕО-ға мүше мемлекеттің тиісті консулдығы 15 күн ішінде қабылдайды. Ал өтінішті егжей-тегжейлі тексеру немесе қосымша құжат ұсыну қажет болса, бұл мерзім 45 күнге дейін ұзартылуы мүмкін. Бұл тәжірибе тек ерекше жағдайларда ғана ұлтына қарамастан, барлық өтініш берушіге бұрыннан бері қолданылып келеді.
"2023 жылдың 1 наурызынан кейін Қазақстан азаматтарына шенген визасын беру тәртібі жағынан айтарлықтай өзгеріс болмайды. Еуропалық Одақ Қазақстанды "қара тізімге" енгізген жоқ", - делінген ресми хабарламада.
Қазақстан үшін қосымша консультациялар өткізу рәсімі енгізілді. Ондай рәсім жеті күнге дейін созылуы мүмкін.
"Бұл консультациялар стандартты 15 күндік рәсім аясында жүргізіледі. Сондықтан өтініш берушілердің виза алу уақыты айтарлықтай ұзармайды", - дейді мамандар.
Қосымша консультациялар – бірқатар елге қолданылатын және виза кодексімен реттелетін рәсім. Шенген аймағына мүше мемлекеттер оны бір-бірімен кеңесу үшін жүйелі түрде пайдаланып отырады. Шенген ақпараттық жүйесінде (SIS) "қара тізім" деген жоқ.
Виза алу тәртібі бойынша жалпы ақпаратты көші-қон және ішкі істер жөніндегі бас директораттың веб-сайтынан табуға болады.