Қонаев қаласында қарттар үйінің тұрғыны суицид жасады

CC0 / / Петля
Петля - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 2 наурыз – Sputnik. Алматы облысының орталығы Қонаевта қарттар үйінің тұрғыны суицид жасады, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 25 ақпанда болған. 76 жастағы Сергей Цонның түнгі сағат екіде сыртқа шығып бара жатқаны бейнекамераға түсіп қалған. Марқұмның денесі таңғы сағат 5-те табылды. Мекеме басшылығы мен қарттар үйінің мамандары суицид жасауға не себеп болғанынан бейхабар. Қарттың бойынан ешбір өзгеше мінез байқалмаған. Ал полиция тергеу жүріп жатқанын айтады.
"25 ақпанда сағат 07:33 шамасында Қонаев қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне "Қарттар үйінің" медбикесінен 76 жастағы қарт адамның асылып қайтыс болғаны туралы айтқан. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде және сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
0