Мәжіліс сайлауы: үміткер партия өкілдерінің теледебаты өтті

© Photo : Скриншот с экранаМәжіліс сайлауы: үміткер партия өкілдерінің теледебаты өтті
Мәжіліс сайлауы: үміткер партия өкілдерінің теледебаты өтті - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Мәжіліс сайлауына түсетін жеті партияның өкілдері теледебат өткізді.
Бірінші турда қарсыластар өздерінің сайлауалды бағдарламаларын ұсынды. Тараптар қазақстандықтарға:
әділетсіздік және олигополиямен күресу,
сыбайлас жемқорлықты жою
қарапайым жұмысшылардың мәртебесін көтеру,
білім мен медицина деңгейін көтеру,
мәжіліс пен мәслихаттарға нақты билікті қайтаруды ұсынды.
"Партия стратегтері терең қазақ халқын не алаңдатып отырғанын жақсы біледі. Олар: әлеуметтік-экономикалық жағдай, инфляция, жұмыс орындары, жалақы, тұрмыс деңгейі", - деп жазды саяси шолушы Ғазиз Әбішев.
© Photo : Скриншот с экранаМәжіліс сайлауы: үміткер партия өкілдерінің теледебаты өтті
Телевизионные дебаты политических партий Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2023
Мәжіліс сайлауы: үміткер партия өкілдерінің теледебаты өтті
Талқылау бастала сала қарсыластар бір-біріне өткір сұрақтар қоя бастады.
"Сіздің партияңыз 20 жыл бойы шыңда болды. Қаржылық және әкімшілік ресурстарыңыз бар. 20 жыл ұйықтадыңыздар, енді парламентке қайта барғыңыз келеді, сонда не істейсіз?" – деп сұрады ЖСДП Астана қалалық филиалының төрағасы Нұрлан Әуесбаев, Amanat-тың жауапты хатшысы Елнұр Бейсенбаевтан.
"Біз 20 жылдың бағдарламаны аяқтадық, оны жүзеге асырудың жол картасын әзірледік. Мұғалім, дәрігерлердің жалақысын көтердік. Шәкіртақы көбейді, студенттерге 10 мың грант бөлінді", - деп жауап бердң Бейсенбаев.
Ол ЖСДП бұл жолы да жеңіске жетпейтінін, парламентке өте алмайтынын айтты.
Ал "Ақ жол" партиясының өкілі Берік Дүйсенбинов ЖСДП өкілі Нұрлан Әуесбаевқа партия өзін оппозиция деп санағанмен, өткен сайлауға бойкот жариялағанын еске салды.
"Бизнесті қалай дамытсақ, мемлекетті де солай дамытамыз. Мемлекеттен ақша алған жоқпыз, сұраған да жоқпыз. Өзіміз жұмыс істедік, салық төледік. Бизнестен келдік. Коронавирус кезінде Мақтааралға көмектестік", - дейді "Respublica" партиясының тең төрағасы Сырымбек Тау Жигули Дайрабаевтың шағын партия мәжіліске қалай өтеді деген сауалына.
© Photo : Скриншот с экранаМәжіліс сайлауы: үміткер партия өкілдерінің теледебаты өтті
Телевизионные дебаты политических партий Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2023
Мәжіліс сайлауы: үміткер партия өкілдерінің теледебаты өтті
Тау Respublica-да 277 адам барын,орташа жасы 37 жасты құрайтын ең жас партия екенін атап өтті. Оның айтуынша, партияластары арасында әйелдер де көп.
Пікірталастың соңына қарай "Байтақ" партиясының өкілі Азаматхан Әміртаев халықтық партияға: "Сіздің идеологияңыз – саяси консерві", - деді.
© Photo : Скриншот с экранаМәжіліс сайлауы: үміткер партия өкілдерінің теледебаты өтті
Телевизионные дебаты политических партий Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2023
Мәжіліс сайлауы: үміткер партия өкілдерінің теледебаты өтті
Еске сала кетсек, сайлауалды пікірталасқа сайлауға түсетін жеті партияның өкілдері қатысты:
"Amanat" партиясының атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев,
"Ауыл" партиясы төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаев,
"Respublica" партиясының тең төрағасы Сырымбек Тау,
Қазақстан халық партиясы төрағасының орынбасары Асхат Асылбеков,
"Байтақ" жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев,
"Ақ жол" демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Берік Дүйсембинов,
Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Астана қалалық филиалының төрағасы Нұрлан Әуесбаев.
Жаңалықтар
0