Мәскеуде көлік кептелісін жеңілдететін ең үлкен айналма жол іске қосылды

© Мәскеу метрополитенінің баспасөз қызметіМәскеуде көлік кептелісін жеңілдететін ең үлкен айналма жол іске қосылды
Мәскеуде көлік кептелісін жеңілдететін ең үлкен айналма жол іске қосылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2023
Жазылу
Бұл желі 3,3 миллион адам тұратын қаланың 34 ауданы арқылы өтеді. Бұл бүкіл Мәскеу халқының 30%-ін құрайды
1 наурызда метро жүйесін кеңейтуге және жаңғыртуға, атап айтқанда, Айналма желідегі жүктеме мен Мәскеудегі кептелісті азайтуға арналған Үлкен айналма желі (ҮАЖ) толық пайдалануға берілді.
Үлкен айналма желінің ұзындығы 70 шақырымды құрайды және оның бойында 31 станция мен 3 электр депо орналасқан. Метроның ең ұзын айналма желісі өте қысқа уақытта салынды. Бірінші учаске 2018 жылы, содан кейін 2021 жылы бірнеше учаске ашылды және бұл Мәскеу тарихындағы ең ұзын учаскені, яғни 21 километр мен 10 станцияны қамтыды.
© Мәскеу метрополитенінің баспасөз қызметіМәскеуде көлік кептелісін жеңілдететін ең үлкен айналма жол іске қосылды
Мәскеуде көлік кептелісін жеңілдететін ең үлкен айналма жол іске қосылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2023
Мәскеуде көлік кептелісін жеңілдететін ең үлкен айналма жол іске қосылды
Қабылданған жобалық және инженерлік шешімдер кешенінің арқасында метро желісі қаланың біртұтас инфрақұрылымына етене кіріктіріліп тұр. Үлкен айналма желі қолданыстағы және болашақта салынатын барлық метро желісін біріктіре алады, басқа көлік түрлеріне жетуді қамтамасыз етеді. Басқа 47 желіге жетуді қамтамасыз ететін баламалы бағдарлар құрылды. Соның арқасында жолаушылар орталықтан басқа көлікке міну қажеттілігінсіз қаланың бір басынан екінші басына жету мүмкіндігіне ие болды.
Айналма желіні салу кезінде қолданылған архитектуралық шешімдер де дәстүрлі әрі заманауи, қарапайым әрі күрделі, салмақты және жеңіл болуы арқылы уақыт талабына сай. Бірақ метрополитеннің даралығы мен ерекшелігін жаңа және ескі станциялардың барлығынан көруге болады.
© Мәскеу метрополитенінің баспасөз қызметіМәскеуде көлік кептелісін жеңілдететін ең үлкен айналма жол іске қосылды
Мәскеуде көлік кептелісін жеңілдететін ең үлкен айналма жол іске қосылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2023
Мәскеуде көлік кептелісін жеңілдететін ең үлкен айналма жол іске қосылды
Сонымен қатар, Үлкен айналма желінің жолаушылары үшін Мәскеу метрополитенінің барлық жоғары технологиялық қызметі, соның ішінде ең қолайлы төлем әдісі қолжетімді. Айта кету керек, Мәскеу метрополитенінің билет жүйесі беделді Transport Ticketing Award сыйлығымен екі рет марапатталған (2020 ж., 2021 ж.).
Желідегі әрбір турникетте жол ақысын билетпен ғана емес, банк картасымен де төлеуге болады, әр вестибюльдегі екі турникет биометрика бойынша төлем қабылдайды. Сонымен қатар Үлкен айналма желідегі пойыздардың тиісінше жабдықталуы туристердің жұмысы мен саяхаты үшін де қолайлы жағдай жасап тұр.
© Мәскеу метрополитенінің баспасөз қызметіМәскеуде көлік кептелісін жеңілдететін ең үлкен айналма жол іске қосылды
Мәскеуде көлік кептелісін жеңілдететін ең үлкен айналма жол іске қосылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2023
Мәскеуде көлік кептелісін жеңілдететін ең үлкен айналма жол іске қосылды
Мұнда вагондардың есіктері кең, бір вагоннан екіншісіне еркін өтуге болады, телефондарды қуаттауға арналған USB-ұяшықтар, ақпараттық экрандар және ауаны залалсыздандыратын желдеткіштер бар. Сондай-ақ, шуды оқшаулау мүмкіндігі мен тәулік уақытына байланысты жарықты өзгерте алатын жарық құралдары да жол жүрудің жайлылығын арттырады.
© Мәскеу метрополитенінің баспасөз қызметіМәскеуде көлік кептелісін жеңілдететін ең үлкен айналма жол іске қосылды
Мәскеуде көлік кептелісін жеңілдететін ең үлкен айналма жол іске қосылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2023
Мәскеуде көлік кептелісін жеңілдететін ең үлкен айналма жол іске қосылды
Үлкен айналма желі – Мәскеу тұрғындары мен қонақтарының сапарын айтарлықтай жақсартатын жоба: жаңа қысқа бағыттар мен басқа көлікке ауысып мінудің жылдамдығы, жүктемесі жеңілдетілген метро желілері мен жолдар. Бұл желі 3,3 миллион адам тұратын қаланың 34 ауданы арқылы өтеді. Бұл бүкіл Мәскеу халқының 30%-ін құрайды.
1,2 миллион мәскеулік енді жаңа метро станцияларына жаяу жүріп жете алады. Аудандар арасындағы жаңа көлік қатынасы күніне 45 минутқа жуық уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.
Материал коммерциялық негізде жарияланды
Жаңалықтар
0