Оқиға

"Екі қолдап амандаспады": Таразда 13 жастағы оқушы құрдасының қолын сындырды

© Photo : Зардап шеккен баланың анасы ұсындыТаразда жасөспірім құрдасының қолын сындырды
Таразда жасөспірім құрдасының қолын сындырды - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 2 наурыз - Sputnik. Тараз қаласында №11 мектеп оқушысы құрдасының қолын сындырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
14 жастағы Әнуар Бекетбаевтың анасының айтуынша, жасөспірімдер арасындағы жанжал амандасудан шыққан.
"Ол менің балама "неге амандаспайсың" деген. Балам оң қолын берген. Екі қолдап неге амандаспайсың, қолың алтын ба деген, менің балам "иә, алтын" деген. Сол сәтте ол баламның жағасынан сүйреп, көшенің бұрылысына апарған да шалқасынан құлатқан. Сол қолына секіріп келіп, бар күшімен шынтақпен құлаған. Баламның жан даусы шыққан. Сол сынған қолын жұдырықпен ұра берген. Онымен қоймай, мойнынан қылқындырып, бетінен жұдырықпен 5-6 рет ұрған. Оның бәрін менің кіші ұлым мен жаңағы оқушының досы, сосын көрші бала көріп тұрған", - дейді жәбірленушінің анасы Динара Бекетбаева Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
© Photo : Зардап шеккен баланың анасы ұсындыТаразда жасөспірім құрдасының қолын сындырды
Таразда жасөспірім құрдасының қолын сындырды - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2023
Таразда жасөспірім құрдасының қолын сындырды
Әнуардың қолының сүйегі екі жерден сынып қана қоймай, үгітіліп кеткен.
Жәбірленушінің жағдайын білуге ауруханаға оқушы әкесі және әжесімен келген.
"Ауруханаға баланың әжесі келді. Шешесі үйде 3-4 күн болмаймын, әжесімен сөйлесіңіз деді. Пакетке салған айран, печеньесі бар. Әкесі ештеңе деп тіл қатпады. Әжесінің айтуынша, отбасының жағдайы нашар, 6 баласы бар. Балаға айқайладым. Не үшін олай істедің десем үндемейді. Әшейін күрестік деп жауап берді. Қатыгез баланың отбасы көмектесеміз деп алып, енді менің өзімді сотқа бергелі жатыр. Сөздеріне қарағанда, әжелері ауырып қалыпты. Сол күйге мен жеткізіппін. Тіпті адвокат жалдаймыз деп қорқытып жатыр. Ал құқық қорғау органдары ешбір тексеру немесе тергеу жүргізген де жоқ", - дейді Динара Бекетбаева.
© Photo : Зардап шеккен баланың анасы ұсындыҚолы сынған бала
Қолы сынған бала - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2023
Қолы сынған бала
Дәрігерлер Әнуар Бекетбаевқа ауыр жұмыс істеуге, спортпен шұғылдануға өмір бойына тыйым салған. Өйткені баланың үгітілген сүйегін арнайы медициналық құралдармен жинаған.
Ал жергілікті полиция басқармасының уәжі мынадай:
"14 ақпанда Тараз қаласының полиция басқармасы 2-полиция бөліміне 38 жастағы жергілікті тұрғын хабарласты. Азамат арызында 27 қаңтар сағат 19:00 шамасында 13 жасар баланың 14 жастағы ұлына дене жарақатын салғанын жазған. Бұл бойынша Қылмыстық кодекстің "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізілді, алайда Қылмыстық кодекстің 15-бабына сәйкес 16 жасқа толмаған адам қылмыстық жауапкершілікке тартуға жатпайды", - деп жауап берді Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі.
© Photo : Зардап шеккен баланың анасы ұсындыТаразда жасөспірім құрдасының қолын сындырды
Таразда жасөспірім құрдасының қолын сындырды - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2023
Таразда жасөспірім құрдасының қолын сындырды
Олардың айтуынша, соққыға жыққан баланың ата-анасына қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, 103 500 теңге (30 АЕК) мөлшерінде айыппұл салынды. Ал оқушы Тараз қаласы полиция басқармасының 2-ші полиция бөлімінде профилактикалық есепке алынды.
Жаңалықтар
0