Ақтау әкіміне айыппұл салынды

© Sputnik / Владислав ВодневСирийские переговоры. Нур-Султан, 11 декабря 2019 год
Сирийские переговоры. Нур-Султан, 11 декабря 2019 год - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Ақтау қаласының әкімі Ербол Ізбергеновқа соттың шешімімен айыппұл салынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына сілтеме жасап.
Бұған дейін сотқа жеке меншік фирма арыз түсірген. Оған сәйкес, әкім жер учаскесінің нысаналы мақсатынын өзгертуден бас тартқан. Сот оның әрекетін заңсыз деп танып, жердің нысаналы мақсатын өзгертіп, бір айдың ішінде ЖШС-нің пайдасына қолайлы әкімшілік акт қабылдауды міндеттелген.
"Алайда осы уақытқа дейін сот шешімі орындалмаған, жеткілікті уақыт өтсе де қала әкімі қолайлы әкімшілік акті қабылдауға ешқандай шара қолданбаған. Әкімшілік кодекстің талаптарына сәйкес, сот шешімдерін орындау соттың бақылауында және оларды орындаудан жалтару 50 АЕК мөлшерінде ақшалай өндіріп алуға әкеп соғады", - делінген ресми хабарламада.
Сот шешіміне сәйкес, Ақтау қаласының әкіміне қатысты 50 АЕК мөлшерінде, яғни, 172 500 теңге көлемінде айыппұл салынды. Оны 5 күн ішінде төлеуі тиіс.
Ал сот шешімі 10 күн ішінде орындалуы шарт. Оны істемесе, 60 АЕК-ке көлемінде тағы айыппұл салынады.
Жаңалықтар
0