Ресейдегі автобус апаты: зардап шеккендер арасында қазақстандық бар

© Photo : ГУ МЧС Алтайского краяРесейдегі автобус апаты: зардап шеккендер арасында қазақстандық бар
Ресейдегі автобус апаты: зардап шеккендер арасында қазақстандық бар - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 2 наурыз - Sputnik. Ресейде қалааралық автобус жүк көлігімен соқтығысқан кезде қазақстандық жарақат алды.
"Әйелдің жағдайы жақсы, қазір дәрігерлердің бақылауында", - деп хабарлады сыртқы істер министрлігі Sputnik Қазақстанға.
Апат салдарынан 2 адам қаза тауып, 5 жолаушы жарақат алды.
Еске салсақ, бүгін Алтай өлкесінің Рубцовский ауданында А-322 федералдық тасжолының 267-ші шақырымында жүк көлігі мен Новосібір-Семей бағытындағы қалааралық автобус соқтығысты.
Алтай аймағының прокуроры аудандық прокуратураға тексеріс ұйымдастыруды тапсырды.
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2023
Қазақстанға келе жатқан автобус жүк көлігімен соқтығысты
Жаңалықтар
0