Алматыда жас жігіттер 1 миллион теңге үшін адам ұрлаған - қылмыстық іс қозғалды

© Photo : Пресс-служба департамента полиции Алматы Подозреваемый в наручниках
Подозреваемый в наручниках - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Алматыда үш жас жігіт ер адамды жалдамалы пәтерде ұстап, ірі көлемде ақша бопсалаған. Үшеуі де қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, Бостандық ауданында үш ер адам 40 жастағы қала тұрғынын ұстап, жалдамалы пәтерге қамап тастаған. Сол жерде ұялы телефонын және алтын алқасын тартып алды. Артынан соққыға жығып, 1 миллион теңге талап еткен. Жәбірленуші ондай ақша жоқ екенін айтқан. Бірақ үш жігіт қайтпады, таныстарынан сұрауды талап етті.
Төртеуі далаға шыққанда жәбірленуші патрульдік полицияны көріп, айқайлай бастады. Күдіктілер қаша жөнелді. Бірақ көп ұзамай, қолға түсті. Біреуі – 1995 жылғы Алматы облысының тұрғыны, екеуі – Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары, 1994 жылғы және 1996 жылғы жігіттер.
Қазіргі кезде үшеуі де қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің екі бірдей бабы – 194-баптың 3-тармағы (Бопсалау) және 125-баптың 2-тармағы (Адам ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Жаңалықтар
0