https://sputnik.kz/20230302/aldagy-ush-zhylda-gylymi-zhumystardy-qarzhylandyru-35-esege-artady-32627033.html
Алдағы үш жылда ғылыми жұмыстарды қаржыландыру 3,5 есеге артады
Алдағы үш жылда ғылыми жұмыстарды қаржыландыру 3,5 есеге артады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қабылдады 02.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-02T17:22+0500
2023-03-02T17:22+0500
2023-03-02T17:22+0500
қасым-жомарт тоқаев
саясат нұрбек
ғылым
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/0c/30270117_0:68:1280:788_1920x0_80_0_0_a66b55e8eb8e24584faceaf8a50863c4.jpg
АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қабылдады Президентке Қонаев қаласында академиялық қалашық салу жұмыстары басталғаны туралы есеп берілді.Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа былтыр халықаралық университеттердің үш өкілдігі ашылғаны және биыл бес жаңа филиал ашылатыны жөнінде мәлімет берілді.Бұдан бөлек, министр 2023-2029 жылдарға арналған Жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасының жобасын ұсынды. Құжатта аталған саланы дамытудың барлық стратегиялық міндеті мен көрсеткіші қамтылған. Мемлекет басшысына ғылыми қызметкерлердің жалақысы 2 есе өскені және іргелі зерттеу жұмыстарымен айналысатын ҒЗИ-ды тікелей қаржыландыру мәселесі жөнінде баяндалды. Алдағы 3 жылда ғылыми жұмыстарды қаржыландыру 3,5 есеге артады.Министрлік студенттер мен магистранттардың стипендиясын кезең-кезеңмен өсіруді және студенттер жатақханаларында 7 жыл бойы жыл сайын жаңадан 10 000 орын ашуды жоспарлап отыр.Саясат Нұрбектің айтуынша, 15 өңірлік және 5 педагогикалық ЖОО базасында ғылымды әкімшілендірудің жаңа моделін енгізу және академиялық басымдық орталықтарын құру мәселесі пысықталып жатыр.Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары білім алуға қолжетімділікті арттырудың және университет инфрақұрылымын дамытудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ жуық арада ғылымды әкімшілендірудің жаңа моделіне көшу қажеттігін айтты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/0c/30270117_70:0:1211:856_1920x0_80_0_0_cffc8a42bc3e8cba3c1d8c68aa124984.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, саясат нұрбек, ғылым
қасым-жомарт тоқаев, саясат нұрбек, ғылым
АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қабылдады
Президентке Қонаев қаласында академиялық қалашық салу жұмыстары басталғаны туралы есеп берілді.Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа былтыр халықаралық университеттердің үш өкілдігі ашылғаны және биыл бес жаңа филиал ашылатыны жөнінде мәлімет берілді.
Бұдан бөлек, министр 2023-2029 жылдарға арналған Жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасының жобасын ұсынды. Құжатта аталған саланы дамытудың барлық стратегиялық міндеті мен көрсеткіші қамтылған. Мемлекет басшысына ғылыми қызметкерлердің жалақысы 2 есе өскені және іргелі зерттеу жұмыстарымен айналысатын ҒЗИ-ды тікелей қаржыландыру мәселесі жөнінде баяндалды.
Алдағы 3 жылда ғылыми жұмыстарды қаржыландыру 3,5 есеге артады.Министрлік студенттер мен магистранттардың стипендиясын кезең-кезеңмен өсіруді және студенттер жатақханаларында 7 жыл бойы жыл сайын жаңадан 10 000 орын ашуды жоспарлап отыр.
Саясат Нұрбектің айтуынша, 15 өңірлік және 5 педагогикалық ЖОО базасында ғылымды әкімшілендірудің жаңа моделін енгізу және академиялық басымдық орталықтарын құру мәселесі пысықталып жатыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары білім алуға қолжетімділікті арттырудың және университет инфрақұрылымын дамытудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ жуық арада ғылымды әкімшілендірудің жаңа моделіне көшу қажеттігін айтты.