Мәдениет

10 жыл бұрын жабылып қалған "Гүлдер" ансамблі қайта жанданды

© Sputnik / Юрий Куйдин / Медиабанкке өтуГүлдер ансамблі, архив
Гүлдер  ансамблі, архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 2 наурыз – Sputnik. Қазақ мәдениетінің тарихында орны бар "Гүлдер" ансамблі 10 жылдан соң жұмысын қайта бастады. Бұл туралы ""Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Ақтоты Райымқұлова айтты.
"Гүлдер" ансамбілінің жаңа құрамына қазақ ұлттық хореография академиясының және Алматыдағы хореография училищесінің түлектерін бірнеше сатыдан өткізіп барып, қабылдаған.
Сондай-ақ "Гүлдер" ансамблінің құрамында жаңа "Бентти" инструменталды ансамбль құрылды.
"Архивтерді қарасақ Гүлдер ансамьблінің архивтік қойылымдары жоқ екен. Бұрыңғы костюмдері де, бағдарламасы да жоқ екен. Енді болашақ ұрпаққа ұмытылмастай көптен-көп жұмыс істеп жатырмыз. Біз тарихи қойылымдарды жаңғырттық. Біз үшін бұл үлкен жұмыс болды", - дейді Ақтоты Райымқұлова брифингте.
Ансамбль Қазақстанның барлық аймақтарына гастрольдік сапар жасауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ Қырғызстан, Түркия, Өзбекстанға бару да жоспарланған. Өнер саласының майталмандары "Ел бірлігі – Жаңа Қазақстан" жобасын жалғастыратындарын айтады.
Бұл жоба аясында "Гүлдер" ансамблі 2025 жылға дейін 29 моно қалаға, 28 ауданға, 20 облыс орталығына және шалғай аудандарға өзінің өнерін паш етпек.
Еске сала кетейік, "Гүлдер" ансамбліне келесі жылы 55 жыл толады. 1968 жылы үкіметтің қаулысымен ашылып, 1969 жылы қазан айында тарихи ансамбльдің Алматыда үлкен концерттік бағдарламамен тұсауы кесілген.
Жаңалықтар
0