https://sputnik.kz/20230301/zeynetaqy-zhardemaqy-anyqtamany-bank-mobildi-qosymsha-32575337.html
Зейнетақы мен жәрдемақы туралы анықтаманы мобильді қосымшадан алуға болады
Зейнетақы мен жәрдемақы туралы анықтаманы мобильді қосымшадан алуға болады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтар алатын зейнетақы мен жәрдемақы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер... 01.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-01T11:21+0500
2023-03-01T11:21+0500
2023-08-11T11:40+0500
қоғам
анықтама
жәрдемақы
зейнетақы
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744613_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_d98eba81ee5241afee9e4512d3d1ddfc.jpg
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтар алатын зейнетақы мен жәрдемақы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер туралы анықтама беру процесін автоматтандырды.Енді бұл қызмет екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы қолжетімді.Бұрын анықтамаларды Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан қағаз жеткізгіште алуға болаттын. Азаматтар тарапынан сұраныс көп болғандықтан, қызметті автоматтандыру қажеттілігі туындады. Министрліктің мәліметінше, тек 2022 жылы 210 мыңнан астам адам осындай анықтама алған."Еңбек министрлігі екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, қажет деректерді мобильді қосымша арқылы 15 минут ішінде электронды форматта алу мүмкіндігін жүзеге асырды. Анықтаманың цифрлық нұсқасында бұған дейін төленген және белсенді төлемдердің мөлшері туралы ақпарат бар. Қызмет алушы 2016 жылдан бастап кез келген кезеңді таңдай алады (ең жоғары кезең – 3 жыл)", - деп хабарлады ведомство.Қазіргі уақытта анықтамаларды Халық банктің мобильді қосымшасы арқылы алуға болады.Жақын арада осы қызметті Kaspi Bank-тің қосымшасына да енгізу жоспарланып отыр."Алынған жәрдемақылар, зейнетақы және әлеуметтік төлемдер туралы мобильді қосымша арқылы анықтама беру ақпарат алу процесін жеңілдетеді және оңайлатады, сонымен қатар мемлекеттік бюджетті айтарлықтай үнемдейді", - деп түсіндірді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744613_491:0:2742:1688_1920x0_80_0_0_f498ff6b890b4f65f94aba87e9ab5e95.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
анықтама, жәрдемақы, зейнетақы
анықтама, жәрдемақы, зейнетақы
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтар алатын зейнетақы мен жәрдемақы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер туралы анықтама беру процесін автоматтандырды.
Енді бұл қызмет екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы қолжетімді.
Бұрын анықтамаларды Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан қағаз жеткізгіште алуға болаттын. Азаматтар тарапынан сұраныс көп болғандықтан, қызметті автоматтандыру қажеттілігі туындады. Министрліктің мәліметінше, тек 2022 жылы 210 мыңнан астам адам осындай анықтама алған.
"Еңбек министрлігі екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, қажет деректерді мобильді қосымша арқылы 15 минут ішінде электронды форматта алу мүмкіндігін жүзеге асырды. Анықтаманың цифрлық нұсқасында бұған дейін төленген және белсенді төлемдердің мөлшері туралы ақпарат бар. Қызмет алушы 2016 жылдан бастап кез келген кезеңді таңдай алады (ең жоғары кезең – 3 жыл)", - деп хабарлады ведомство.
Қазіргі уақытта анықтамаларды Халық банктің мобильді қосымшасы арқылы алуға болады.
Жақын арада осы қызметті Kaspi Bank-тің қосымшасына да енгізу жоспарланып отыр.
"Алынған жәрдемақылар, зейнетақы және әлеуметтік төлемдер туралы мобильді қосымша арқылы анықтама беру ақпарат алу процесін жеңілдетеді және оңайлатады, сонымен қатар мемлекеттік бюджетті айтарлықтай үнемдейді", - деп түсіндірді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.