https://sputnik.kz/20230301/uqshu-bas-khatshysy-resey-premer-ministrinin-orynbasarymen-kezdesti-32594884.html
ҰҚШҰ Бас хатшысы Ресей премьер-министрінің орынбасарымен кездесті
ҰҚШҰ Бас хатшысы Ресей премьер-министрінің орынбасарымен кездесті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Ресей премьер-министрінің орынбасары – индустрия және сауда министрі, ҰҚШҰ-ның... 01.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-01T21:10+0500
2023-03-01T21:10+0500
2023-03-01T21:10+0500
ұқшұ
https://sputnik.kz/img/07e7/03/01/32586331_0:0:3267:1839_1920x0_80_0_0_863972ae6da02f53fcf99f1d832e8474.jpg
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Ресей премьер-министрінің орынбасары – индустрия және сауда министрі, ҰҚШҰ-ның әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының төрағасы Денис Мантуровпен кездесуде әскери-өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады. Тараптардың пікірінше, қауымдастыққа мүше мемлекеттер үшін әскери-өнеркәсіптік ынтымақтастық ҰҚШҰ жұмысының жоғары сұранысқа ие бағыттарының бірі болып табылады. ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Ұйымда мемлекетаралық шарт мәртебесіне ие алпыстан астам құжат қабылдағанын еске салды. Олардың үштен бірі әскери-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселесіне қатысты. Тасмағамбетов бұл құжаттарды жүзеге асыратын уақыт келді деп есептейді. "Қару-жарақ пен әскери техниканы бірлесіп әзірлеу және өндіру, оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша сервистік орталықтарды құру жөнінде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің әскери-өнеркәсіптік кешені (ӘӨК) кәсіпорындары арасында көпжақты кооперация қалыптастыру бойынша тәжірибелік шараларды жүзеге асыру қажет", - деді ҰҚШҰ Бас хатшысы. Оның пайымдауынша, әскери-өнеркәсіптік кешен кәсіпорындарының әлеуетін біріктіру дүние жүзіндегі геосаяси жағдайдың шиеленісуінің артуы аясында ерекше өзекті болып отыр. Тасмағамбетов осы жылдың сәуір айының соңында Тәжікстан астанасында өтеді деп жоспарланған Әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссияның XXI отырысына дайындық жұмыстары туралы да айтты. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының баспасөз қызметінен хабарлағандай, тараптар сондай-ақ 2024 жылы Ұйымның "Интерполитех" халықаралық ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету форумы" көрме шарасын өткізуді талқылады. Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің 2022 жылғы 23 қарашадағы шешіміне сәйкес ұйымдастырылған форум алғаш рет өткізіледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/01/32586331_538:0:3267:2047_1920x0_80_0_0_8ac6fb9b680db3f4b541294d96767f99.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұқшұ
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Ресей премьер-министрінің орынбасары – индустрия және сауда министрі, ҰҚШҰ-ның әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының төрағасы Денис Мантуровпен кездесуде әскери-өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.
Тараптардың пікірінше, қауымдастыққа мүше мемлекеттер үшін әскери-өнеркәсіптік ынтымақтастық ҰҚШҰ жұмысының жоғары сұранысқа ие бағыттарының бірі болып табылады.
"Ресейлік қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары мен Ұйымға мүше мемлекеттердің қорғаныс саласы кәсіпорындары арасындағы тәжірибелік өзара іс-қимылды дамыту үшін қажетті және берік нормативтік құқықтық база құрылды", - деді Денис Мантуров.
ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Ұйымда мемлекетаралық шарт мәртебесіне ие алпыстан астам құжат қабылдағанын еске салды. Олардың үштен бірі әскери-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселесіне қатысты. Тасмағамбетов бұл құжаттарды жүзеге асыратын уақыт келді деп есептейді.
"Қару-жарақ пен әскери техниканы бірлесіп әзірлеу және өндіру, оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша сервистік орталықтарды құру жөнінде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің әскери-өнеркәсіптік кешені (ӘӨК) кәсіпорындары арасында көпжақты кооперация қалыптастыру бойынша тәжірибелік шараларды жүзеге асыру қажет", - деді ҰҚШҰ Бас хатшысы.
Оның пайымдауынша, әскери-өнеркәсіптік кешен кәсіпорындарының әлеуетін біріктіру дүние жүзіндегі геосаяси жағдайдың шиеленісуінің артуы аясында ерекше өзекті болып отыр.
Тасмағамбетов осы жылдың сәуір айының соңында Тәжікстан астанасында өтеді деп жоспарланған Әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссияның XXI отырысына дайындық жұмыстары туралы да айтты.
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының баспасөз қызметінен хабарлағандай, тараптар сондай-ақ 2024 жылы Ұйымның "Интерполитех" халықаралық ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету форумы" көрме шарасын өткізуді талқылады.
Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің 2022 жылғы 23 қарашадағы шешіміне сәйкес ұйымдастырылған форум алғаш рет өткізіледі.