https://sputnik.kz/20230301/turkiyada-zilzaladan-qaytys-bolgandar-sany-45-mynnan-asty-32579191.html
Түркияда зілзаладан қайтыс болғандар саны 45 мыңнан асты
Түркияда зілзаладан қайтыс болғандар саны 45 мыңнан асты
Sputnik Қазақстан
Жер сілкінісінен кейін 11 мыңна астам жер асты дүмпуі болды 01.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-01T12:28+0500
2023-03-01T12:28+0500
2023-03-01T12:28+0500
жер сілкінісі
https://sputnik.kz/img/07e7/02/16/32365607_0:228:3073:1956_1920x0_80_0_0_7216febae1c8d8dfcd5435193ae74917.jpg
АЛМАТЫ, 1 наурыз — Sputnik. Түркияда жойқын жер сілкінісінен қаза тапқан адамдардың саны 45 089 болды, деп хабарлады Түркия төтенше жағдайлар салдарын жою басқармасы.Зілзаладан кейін 11 000-нан астам жер асты дүмпуі болды.Қазіргі уақытта табиғи апат аймағында іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркия мен шет елдерден 6 368 адам жұмылдырылған. Сондай-ақ жұмысқа 234 000-нан астам төтенше жағдайлар, полиция, әскери қызметкерлер мен еріктілер тартылды.Қалпына келтіру жұмыстарына 18 000-нан астам техника жұмылдырылды. Баспанаға мұқтаж жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін 358 000-нан астам шатыр орнатылған. 11 провинцияда және 332 елді мекенде контейнерлік қалашықтар құрылды.Еске сала кетейік, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы жеті балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Зілзала жергілікті уақыт бойынша 04.17-де – 7,7 балл және 13.24-те – 7,6 балл болған.Бұл апат көршілес елдерде Сирияда, Ливанда, ТРСК, грек Кипрінде және Иракта сезілді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/16/32365607_159:0:2890:2048_1920x0_80_0_0_0aee80e0d262bd12a1c2f1830943a315.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жер сілкінісі
Түркияда зілзаладан қайтыс болғандар саны 45 мыңнан асты
Жер сілкінісінен кейін 11 мыңна астам жер асты дүмпуі болды
АЛМАТЫ, 1 наурыз — Sputnik. Түркияда жойқын жер сілкінісінен қаза тапқан адамдардың саны 45 089 болды, деп хабарлады Түркия төтенше жағдайлар салдарын жою басқармасы.
Зілзаладан кейін 11 000-нан астам жер асты дүмпуі болды.
Қазіргі уақытта табиғи апат аймағында іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркия мен шет елдерден 6 368 адам жұмылдырылған. Сондай-ақ жұмысқа 234 000-нан астам төтенше жағдайлар, полиция, әскери қызметкерлер мен еріктілер тартылды.
Қалпына келтіру жұмыстарына 18 000-нан астам техника жұмылдырылды. Баспанаға мұқтаж жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін 358 000-нан астам шатыр орнатылған. 11 провинцияда және 332 елді мекенде контейнерлік қалашықтар құрылды.
Еске сала кетейік, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы жеті балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Зілзала жергілікті уақыт бойынша 04.17-де – 7,7 балл және 13.24-те – 7,6 балл болған.
Бұл апат көршілес елдерде Сирияда, Ливанда, ТРСК, грек Кипрінде және Иракта сезілді.