Қоғам

Тараздық оқушы өрт кезінде адамдарды құтқаратын робот ойлап тапты – видео

© Photo : EliasSchАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2023
Жазылу
Роботты қашықтан басқарып, камера арқылы отқа оранған ғимаратта адамның бар-жоғын тексеруге болады
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Таразда 9-сынып оқушысы өрт кезінде адамдарды құтқаруға көмектесетін робот ойлап тапты, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.
Жас өнертапқыш Вячеслав Кузьмин қаладағы №7 мектеп-гимназияда оқиды, ал техникалық-шығармашылық орталықта қосымша білім алады.
9-сынып оқушысы төтенше жағдай кезінде көмек болатын құрылғыны осы орталықта тәлімгері Айнұр Сұраншиеваның жетекшілігімен жасап шығарған. Оған "Темір-Батыр" деп ат қойған. Құлтемір өрт кезінде жалынды сөндіріп, қою түтін ішінде қалған адамды да іздеп табады.
"Роботтың алдында кедергілерді итеруге арналған құрылғысы және камерасы бар. Темір-Батырды қашықтан басқарып, камера арқылы өрт болған жерді көруге, ультрадыбысты қондырғының көмегімен өрттің қайдан шыққанын, адамның бар-жоғын анықтауға болады. Роботтың ішіне екі бак орнатылған. Оған жағдайға байланысты көпіршік немесе су толтырылады. Қысым сұйықтықты 5 метр қашықтыққа шаша алады",– дейді оқушы.
Вячеслав Кузьмин Темір-Батырды Жамбыл облысының төтенше жағдайлар департаментіне апарып көрсетпекші. Патент алып, роботты тағы да жетілдіруді жоспарлап отыр.
Жаңалықтар
0